Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан: Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді

25 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан: Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді. Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі батырдың ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келді.
Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында салтанатты түрде әскери ант беру рәсімі өтті.
Іс-шараға әскери жоғары білім ордасы мен оқу-жаттығу орталығының басшылығы, оқытушылар мен нұсқаушылар, әскерге жаңа келгендердің туған-туыстары қатысты.
Көктемде әскер қатарына алынған 46 сарбаз салтанатты жағдайда Отанға және Қазақстан халқына адал болуға ант берді. Жас жауынгерлерді осындай айтулы күнмен институт басшылығы мен олардың туыстары құттықтады.
Бір айлық қызмет барысында сарбаздар жас жауынгер курсын оқып, жалпыәскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын үйренді, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығынан өтті.
– Бүгін – маңызды күн. Мұндай оқиға әскери қызметшінің өмірінде бір-ақ рет болады. Отанға қызмет ету үшін әскерге өз еркіммен келдім. Бұл әр адамның борышы деп санаймын, – деді Түркістан облысынан әскерге шақырылған сарбаз Оспан Ерғали.
Іс-шара соңында сарбаздар саптық алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті. Ресми бөлімнен кейін институт басшылығы мен оқу орталығының өкілдері әскери қызметшілердің ата-аналарымен әңгімелесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Келген қонақтарды әскери қызметтің шарттармен таныстырып, оларға оқу аудиторияларын, казарма мен асхананы көрсетті.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ШАХМАТТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАСТАРДЫҢ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі