Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАСТАРДЫҢ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

27 мая, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАСТАРДЫҢ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда ерекше өнерлі жастардың өнер туындыларының көрмесі өтті. Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен «Шаңырақ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Байқаудың мақсаты — ерекше таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және шығармашылыққа баулу.
Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Жұпар Бейсенова, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Мереке Айдарша, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Меруерт Сейсенбекова, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Мұрат Шаханбаев, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Альмира Нақбаева мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Ернар Бектаев және БАҚ өкілдері қатысты.
«Байқауға қатысушы жандардың мүмкіндігі шектеулі болса да, жүректерінде тұнған сезім мен өнерге деген сүйіспеншілік бізді тебірентіп, шараның көркін ашты. Байқау болғаннан кейін жеңіліс те, жеңіс те болады. Бар күш-жігерлеріңізді жиып, осы додаға қатысқандарыңыздың өзі үлкен жетістік. Барша өнерпаздарға үлкен алғысымызды білдіреміз, — деді Ернар Бектаев
Аталған шара соңында мүмкіндігі шексіз жандардың туындылары аукционға қойылды. Онда тастармен безендірілген әшекейлер, үкілі сәукеле, сәнді білезіктер, үй макеті, қоржын, тоқыма бұйымдары, гипстен жасалған мүсін, шағын әмияндар, арқан жіптен өрілген себет және тағы да басқа заттар сатылды.
Қосымша ақпар, өзге жұрттарда білім алып, тәрбие үйреніп жатқан ұл мен қызды атажұртына тарту мақсатында, елімізде бір жақсы іс-шара Президент өкімімен жүзеге асып келеді. Ол 1996 жылы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау» негізінде Үкімет қаулы қабылдаған еді. Соның арқауында өз Отанымыздағы дарынды ұрпақпен бірге, алыс-жақын шетелдерде өмір кешіп жатқан бауырлардың баласын бабаларының кіндік қаны тамған киелі топыраққа тарту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы осыдан 19 жыл бұрын «Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» атты олимпиадаға ұйытқы болған еді. Оның негізгі мақсаты, қазақ тілі мен әдебиетінің құнын өзге жұрттарда оқып жүрген жастардың санасына сіңіру болатын.

Алдыңғы пост

Түркістан: Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА 22 ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі