Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

28 мая, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің бірініш орынбасары Зұлпыхар Жолдасов кезекті рет өзінің жетекшілік ететін салалары бойынша облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда сан түрлі мәселе айтылды. Тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, шалғай орналасқан елді мекендерді табиғи газбен және ауыз сумен қамту мәселелерін көтерді.
Созақ ауданынан келген азамат ауылға табиғи газ жеткізу жұмыстары тоқтап қалғанына шағымданды. Бұл мәселе бойынша мердігер мекемеге тиісті тапсырмалар беріліп, ескерту жасалды. Қазіргі таңда қондырғылар мен қажетті жабдықтар Шымкент қаласы мен Ресей елінен алып келінуде. Зұлпыхар Жолдасов жауапты тұлғаға зауыт иелерімен тікелей байланыс орнатып, жұмыс барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Бәйдібектік жалғызбасты ана, Саурандық азаматша отбасына және Түркістан қаласының тұрғыны мүгедек әпкесіне баспана беруді сұрады. Азаматтарға тұрғын үй тек заң аясында кезек реттілігімен берілетіні және арендалық үйді жалдау ақысының жартысын мемлекеттен төлеу мүмкіндігі бар екендігі түсіндірілді. Ал, Түркістандық зейнеткер ана мүгедек баласының ипотекалық тұрғын үй алғанын айтып, бастапқы жарнаны төлеуге мемлекет тарапынан сертификат алуға ықпал жасауды сұрады. Азаматшаға тұрғын үй алмай тұрып, сертификат алуға өтінім жолдау керек екені түсіндіріліп, мәселені шешу жолдары қарастырылатыны айтылды. Саурандық көпбалалы ана меншігіндегі бос жеріне үй салуға материалдық көмек көрсетуді сұрады.
Жетісайлық депутат таза ауыз су, трансформатор, мемориалдық ескерткішіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді, ауданды екіге бөлу мәселелерін қозғады. Бұл мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Ауыз су нысанына фильтр қойылады. Тұрғындарды сапалы электр желісімен қамту үшін бюджеттен қаржы қаралды. Тағы бір Жетісайлық тұрғын өзіне және қызына мамандық бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруды және кәсіпкерлік бойынша грант алуға ықпал етуді сұрады. Азаматшаға бос жұмыс орындары ұсынылатыны айтылып, грант алу жолдары түсіндірілді. Саурандық азаматша кредит жабу және кәсіпкерлік қайтарымсыз грант алу мәселесін көтерді. Одан бөлек, заңсыздық, өзге тұлға тарапынан қысым көру туралы шағымдар айтылды. Бұл бойынша өтініш иелерінен жазбаша арыз алынып, құзырлы органдарға жолданатын болады.
Барлық тұрғындардың көтерген мәселелері хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Тапсырмалардың орындалу барысы Зұлпыхар Жолдасовтың бақылауында тұр.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Лагерьлерде күзет агенттіктері қызмет көрсетеді

Келесі жаңалық

САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КӨШПЕЛІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі