Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КӨШПЕЛІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

28 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КӨШПЕЛІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев Майдантал ауылдық округінде бекітілген кестеге сәйкес, көшпелі жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға ауылдық округ әкімі Жандос Досболов, мәслихат депутаты Арсылан Раматуллаев, дербес бөлім басшылары мен орынбасарлары, тиісті сала басшылары қатысты.
Көшпелі қабылдауға ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Атап өтсек, ауылдық округінің тұрғыны Балтабай Ақатов жер мәселесін көтерді. Ауылдық округтің жоғары жағында 30 гектар алма бауы болған. Бүгінде сол жерлер жекенің қолына өтіп, таудан келетін су азайып жатқанын айтты. Осыған тиісті жұмыстар жасап, кері қайтарып алмасақ, алма бауынан айырылып қалатынын жеткізді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Оразкүл Әшірбекова апайымыз ауылдық емхананың басшылығына өз шағымдарын білдіріп, сол ауылдың тумасы Рамазан деген жас жігітті бас дәрігер етіп тағайындауды және Майдантал мектебінің апатты жағдайына байланысты жаңа мектеп құрылысын қашан басталатынын сұрады.
Ал, еңбек ардагері Тұралы Ниязбеков Тоғаннан келетін ағын су мәселесін көтерді. Тоған арқылы келетін 7 шақырымдық тас арықтың бүгінде жарамсыз күйге енгенін, тас арықты уақыт күттірмей жаңалау керектігін атап өтті. Бұл бойынша бұған дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына дейін барғанын айтып, мәселені жедел түрде қолға алуды сұранды. Қаражон елді мекені ауылдық округтің үштен бірін құрайтынын, ақылы қоғамдық жұмысқа тартуда аталмыш елді мекеннен азаматтардың саны азайып жатқанын жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Кеңесбекұлы көшпелі жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді. Кездесуден соң аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ауылдық округтердегі мемлекеттік мекеме басшыларымен және ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесіп, жиналыс өткізді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «Фараб» кітапханасында «Мархабат Байғұт» залы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Октябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Сен    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі