Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «Фараб» кітапханасында «Мархабат Байғұт» залы ашылды

28 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «Фараб» кітапханасында «Мархабат Байғұт» залы ашылды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан рухани-мәдени орталыққа айналып келеді. Түркістан облыстық кітапханасында «Мархабат Байғұт» залы ашылды. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Түркістан облысының Құрметті азаматы, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері Мархабат Байғұт атындағы залдың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, зиялы қауым өкілдері, Мархабат Байғұттың отбасы, шәкірттері, қаламгерлер қатысты. «Түркістан қазір рухани-мәдени орталыққа айналып келеді. Осынау қасиетті шаңырақ – кітапханамыз игі істердің ұйытқысы болып отыр. Өткен аптада мемлекет және қоғам қайраткері «Өзбекәлі Жәнібек» атындағы залдың ашылуына куә болдық. Бүгінгі жиналуымыздың басты себебі, баршамыз ардақтайтын, мақамы ерекше «Мархабат Байғұт» залы ашылды. Бұл ел руханияты мен қазақ әдебиеті үшін жасалып жатқан ерекше құрмет деп білеміз. Алдағы уақытта заңды жалғасы ретінде елге еңбек еткен тұлғаны дәріптейтін, ұлықтайтын істер жалғаса береді», – деді Бейсенбай Дәулетұлы. Кешке журналист, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай модератор болды. Дөңгелек үстел алдында қазақ әдебиетінің марқасқасының ата-анасы жайлы айтқан фильмі көрсетілді. Басқосу барысында Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Мархабат Байғұттың замандасы, жазушы Захардин Қыстаубай, жары Қыздаркүл Байғұтова, Жарылқасын Әзіретбергенов, Абай Балажан, Бақытжан Алдияр пікір білдіріп, естеліктерімен бөлісті. Кітапхананың бірінші қабатында фото және инсталляциялық көрме жасақталған. Алдымен келушілер соны тамашалап, үшінші қабаттағы залдың лента қию рәсіміне қатысты. Одан соң Мархабат Байғұт өмірі мен шығармашылығына, қызметіне байланысты көрме таныстырылды. Арнайы дайындалған оқырман залы көпшілікке арналған. Шара барысында «Фараб» кітапханасының ұжымына Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтың арнайы алғыс хаты табысталды. Тағылымды жиын бейнемұрағатта жазылған біртуар азаматтың батасымен қорытындыланды. Айта кетейік, Мархабат Байғұт – әңгіме жанрына көптеп қалам тербеген жазушы. Оның шығармаларынан бөлек артынан қалдырған нақыл сөздері де оқырман көңілінен орын алған. Ол Түркістан облысының рухани саласының дамуына айрықша үлес қоса білді. Оның еңбегі ел есінде сақталады.

Алдыңғы пост

САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КӨШПЕЛІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Келесі жаңалық

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖАҚСАРДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі