Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

28 мая, 2024
in Uncategorized
0
БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Балалық шақ – адам дамуындағы аса маңызды кезең. Өйткені, дәл осы кезеңде салауатты, табысты, әрі бақытты өмірдің негізі қаланады. Бүлдіршіндер – жасампаз мемлекетіміздің болашағандықтан қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олардың амандығы – мемлекетіміздің кемелді келешегінің сенімді кепілі.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндердің көңілін көтеру мақсатында Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы «Ұлжалғас ана» мейрамханасында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбеков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев пен үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары қатысты.
«Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаздың алғашқы күнімен қатар келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке. Бүлдіршіндер біздің болашағымыз. Дүниеде баланың жадыраңқы жүзі мен бақытты келбетінен артық қуаныш жоқ. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасай отырып олардың күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарының шешімін табамыз. Оларға әрдайым қолдау көрсетуді тоқтатпауымыз керек. Бала тәрбиесіне атсалысып жүрген барша мейірімді жандарға айтарым тек алғыс» деді аудан әкімінің орынбасары.
Аудан бойынша бүгінгі таңда18 жасқа дейінгі 1373 мүмкіндігі шектеулі бала бар болса, оның 325-і үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін бүлдіршіндер. 49 бала І топ, 296 бала ІІ топ, 438 бала ІІІ топ мүгедегі ретінде есепке алынса, 590 балатобы бойынша тіркелмегенімен мүгедектігі барлар.
Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларға сауықтыру, әлеуметтік оңалту шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынатын арнайы орталықтар жұмыс істеуде.
Іс-шара барысында бүлдіршіндерге демеушілер тарапынан мерекелік дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Демеушілік жасаған жомарт жандарға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбековтың алғыс хаттары табыс етілді. Аудан өнерпаздары мен мерекеге қатысушы бүлдіршіндердің мерекелік концерттік бағдарламалары ұсынылды.

Алдыңғы пост

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖАҚСАРДЫ

Келесі жаңалық

САУРАН АУДАНЫ: ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі