Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫ: ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

28 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
САУРАН АУДАНЫ:  ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, жаңа Әдеп кодексінің талаптарын кеңінен түсіндіріп өтті. Әдеп уәкілінің айтуынша жаңа редакцияда бекітілген Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосатынын жеткізді.
Мемлекеттік аппараттың қызметі қоғам сұраныстарын қанағаттандыруға, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, яғни сервистік қызмет көрсетуге бағытталған болатын. Демек, клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат құру жалпы мемлекеттік қызметшілердің көзқарасын түбегейлі өзгертуді талап ететінін мәлім етті.
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігін айтты. Сонымен бірге, қызметшілердің мемлекеттік саясатты ұстануына, қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына, жүріс-тұрыс ережелеріне тоқталып өтті.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті екенін жеткізді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіретінін, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болатынын атап өтті.

Алдыңғы пост

БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 75 МЫҢ ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі