Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

АРЫСТА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

3 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
АРЫСТА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арыста 1 маусым – Балаларды қорғау мерекесіне орай, ең алдымен қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан облыстық ашық турнир өтті. Турнирге Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалалардан ойыншылар қатысып, 3 жас ерекшелегі бойынша бақ сынасты.
Шараның ашылу салтанатына Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық қатысып, ұлттық ойынды ұлықтап жүрген спортшыларға сәттілік тіледі. Жүзден жүйрік боп, жүлделі орын алған спортшылар арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
Балғын балақайлардың мерекесі Арыс қаласында жоғары деңгейде тойланды. Айталық түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, спортсүйер қауымға керемет көңіл күй сыйлады. Қалада мереке қарсаңында аула спорты түрлерінен жарыс өтті.
Балалар мен жасөспірімдер қатысқан бұл ойын түрі алдымен, Ақынбеков көшесінде орналасқан саябақ алаңқайында 3х3 баскетболдан ұлдар мен қыздар арасында жарыс өтті. Сонымен қатар, Әбдіразақов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің спорт алаңқайында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Арыс қалалық «Футбол және ұлттық спорт» клубының ұйымдастыруымен өткен сайыста балғын балалар асық ату, арқан тарту сынды ойын түрлерінен бақ сынады.
Бұқаралық спортты насихаттау, балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған спорттық сайыста жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.Бүгін, балаларды қорғау күні мерекесі мен «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясына орай, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Арыс қалалық Орталық ауруханасына барды.
Қала басшысы балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан бүлдіршіндердің хәл-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады. Олардың тезірек сауығып кетуін тілеп, бүлдіршіндерге ойыншықтар үлестіріп, сый-сияпат жасады.
Шаһар басшысы аурухана ұжымымен әңгімелесіп, денсаулық сақтау қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, оларға еңбектері үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, қалалық Орталық аурухананың балалар бөлімі бүлдіршіндерге мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсетеді. Материалдық-техникалық базамен қамтылған. Аурухана 31 төсек орынға лайықталған. Сондай-ақ, бұл жерде жылына 1500-1800 бала ем алып шығады.

Алдыңғы пост

АРЫСТА АУРУХАНАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Келесі жаңалық

СОЗАҚТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі