Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

СОЗАҚТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

3 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
СОЗАҚТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА  900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Созақ ауданына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен барып, аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жауапты мамандарға құрылыс және жабдықтау жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, аталған білім ошағы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен қолға алынып, осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылып, робототехника кабинеттері, зертханалар, хореография залдары қарастырылып отыр. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталады. Жайлылық пен тиімділікті қаматамасыз етіп, мектепішілік кеңістік ыңғайлы болу мақсатында бастауыш сыныптар, орта, жоғары буын оқушылары үшін жеке блок жасалады. АЛ Арыста 1 маусым – Балаларды қорғау мерекесіне орай, ең алдымен қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан облыстық ашық турнир өтті. Турнирге Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалалардан ойыншылар қатысып, 3 жас ерекшелегі бойынша бақ сынасты.
Шараның ашылу салтанатына Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық қатысып, ұлттық ойынды ұлықтап жүрген спортшыларға сәттілік тіледі. Жүзден жүйрік боп, жүлделі орын алған спортшылар арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
Балғын балақайлардың мерекесі Арыс қаласында жоғары деңгейде тойланды. Айталық түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, спортсүйер қауымға керемет көңіл күй сыйлады. Қалада мереке қарсаңында аула спорты түрлерінен жарыс өтті.
Балалар мен жасөспірімдер қатысқан бұл ойын түрі алдымен, Ақынбеков көшесінде орналасқан саябақ алаңқайында 3х3 баскетболдан ұлдар мен қыздар арасында жарыс өтті. Сонымен қатар, Әбдіразақов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің спорт алаңқайында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Арыс қалалық «Футбол және ұлттық спорт» клубының ұйымдастыруымен өткен сайыста балғын балалар асық ату, арқан тарту сынды ойын түрлерінен бақ сынады.

Алдыңғы пост

АРЫСТА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі