Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА БАЛАЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ СӘН-САЛТАНАТЫМЕН АТАЛЫП ӨТТІ

3 июня, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА БАЛАЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ СӘН-САЛТАНАТЫМЕН АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында балдырған балалардың мерекесі кең көлемде, сән-салтанатымен аталып өтті. Ауыл ішіндегі «Астана» саябағы мерекеге сай безендіріліп, шараға 500-ге тарта бүлдіршін мен ата-аналар қатысты.
Мерекелік шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов шараға жиналған жұршылықты мерекемен құттықтап, аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлының ыстық ықыласын жеткізді. Ауылдық округте білім мен спорт саласы бойынша облыстық, республикалық сайыстарда жетістікке жеткен оқушыларға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты Рыскелді Сапарбаев және “Бақ-Нұры” іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова ізігі тілектерін арнап, шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
Балаларды ерекше әсерге бөлеген мерекелік шара ашық аспан астында сурет салудан басталды. Балалар асық ату мен тоғызқұмалақтан өзара сынға түсіп, ұлттық спорт ұлықталды.
40 жылдық тарихы бар Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры «Балаларға бақыт сыйлайық» атты мерекелік бағдарламасын тарту етіп, «Шымкент-цирк» өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Қуыршақтар шеруі мен балаларға арналған интерактивті ойындар жас бүлдіршіндерді қуанышқа кенелтті. Дәстүрлі әндер орындалып, шара аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздарының орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты. 500-ге тарта балаға балмұздақ таратылып, құрмет көрсетілді. АЛ Отырар ауданында тағы бір кәсіпкерлік нысаны өз жұмысын бастады. Заманауи үлгіде салынып, аудандағы ең алғаш ашылған балалар ойын-сауық орталығы жылдың 4 мезгілінде балаларға қолайлы қызмет көрсетеді.
Бүгін «1 маусым – халықаралық балалр күні» мерекесі қарсаңында аудан орталығында заманауи балалар ойын алаңшасымен қамтылған «Bala Time» кешенінің ашылу салтанаты болды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және ауыл ардагерлері қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа кешеннің ашылуымен құттықтап, кешеннің лентасын қыйды.
Аудан әкімінің орынбасары игі іске мұрындық болған кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етсе, ақсақалдар ақ батасын берді. Ол өз сөзінде: «Ауданда жаңа кәсіпкерлік нысандарының ашылуы — кәсіпкерлердің бәсекелестігін арттырып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондықтан іскер азаматтардың осындай бастамаларын әрдайым қолдауға дайынбыз»,-деп атап өтті.

Алдыңғы пост

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «БАЛДӘУРЕН-2024» ЖАС ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі