Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «БАЛДӘУРЕН-2024» ЖАС ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

3 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «БАЛДӘУРЕН-2024» ЖАС ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласында облыстық «Балдәурен-2024» жас әншілер байқауы өтті. Сайысқа Арыс қаласының Гүлжан Құрманбекова қатысып, балаларға сәттілік тіледі. Өнер додасында облыстың әр аудан, қаласынан келген жас таланттар бақ сынады.
Байқауда облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы Мақсат Айтжанов, композитор, «VIА АR-BAND» вокалды аспаптар ансамблінің жетекшісі Шахизинда Алимбетов қазылық етті. Олар әр үміткердің ән орындау шеберлігіне, дауыс диапазонына, сахналық киім үлгісі мен сахна мәдениетіне баса назар аударды.
Сайыс нәтижесінде Сайрам ауданынан Нұрғали Нұрбек бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Түркістан қаласынан Елдос Бақдәулет І орын, Ордабасы ауданынан келген Әлайдар Кәусар мен түлкібастық Амирбек Аңсар ІІ орын, ал Сарыағаш ауданынан Қанжарбек Балсезім мен Жетісай ауданынан Жаңабай Нұрқадір жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұдан бөлек үздік өнер көрсеткен қатысушы үміткерлерге арнайы жүлделер табысталды.
Айта кетейік, аталған байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, оларды отансүйгіштікке баулуға, ұлттық рухта тәрбиелеп, эстрадалық ән орындау шеберлігін шыңдауға бағытталған. Сондай-ақ, Арыста 1 маусым – Балаларды қорғау мерекесіне орай, ең алдымен қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан облыстық ашық турнир өтті. Турнирге Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалалардан ойыншылар қатысып, 3 жас ерекшелегі бойынша бақ сынасты.
Шараның ашылу салтанатына Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық қатысып, ұлттық ойынды ұлықтап жүрген спортшыларға сәттілік тіледі. Жүзден жүйрік боп, жүлделі орын алған спортшылар арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
Балғын балақайлардың мерекесі Арыс қаласында жоғары деңгейде тойланды. Айталық түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, спортсүйер қауымға керемет көңіл күй сыйлады. Қалада мереке қарсаңында аула спорты түрлерінен жарыс өтті.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА БАЛАЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ СӘН-САЛТАНАТЫМЕН АТАЛЫП ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі