Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ

3 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылу барысы кезекті рет пысықталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мектеппен қамту ісінің маңызды екеніне тоқталып, инфрақұрылыммен жасақтау, құрылысты кестеге сай жүргізу жөнінде тапсырма берді.
– «Жайлы мектеп» жобасын сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруымыз керек. Әрбір мердігердің жұмысы бақылауда болуы тиіс. Тұрақты түрде кеңесіп, кездескен мәселелерді жедел шешіп отырайық. Мектептер мерзімінде дайын болуы қажет. Екіншіден, мектептерге білікті директорларды конкурс арқылы тағайындап, тәжірибелі, білімді ұстаздармен қамту жұмысын да жандандырыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Облыстық құрылыс басқармасы мен аудан, қала әкімдерінің осы мәселеге байланысты жұмыстары сарапталды. Мердігерлерге құрылыс барысында жұмысшылар санын көбейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 63 мектептің (2024 жылы – 29 мектеп, 2025 жылы – 34 мектеп) құрылысы жоспарланған. Жоба аясында республикалық бюджеттен 2023 — 2025 жылдар үшін 288,2 млрд. теңге қаралған. 63 мектептің жер телімдері бөлініп, «Самырұқ-Қазына» АҚ-ның атына мемлекеттік актілері рәсімделген.
2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептін 4 мектебі инженерлік инфрақұрылымымен қамтылған. 25 мектепке сараптама қорытындылары алынып, құрылыстарына облыстық бюджеттен толығымен қаржысы қаралған. Бүгінгі таңда барлық мектетердің мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары басталған.
2024 жылы 29 мектепті пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде бүгінгі таңда 1 тамызға дейін тапсырылатын 15 мектептің жетеуінің үшінші қабты көтерілген. 7 мектептің екінші қабаты көтерілсе, 1 мектептің бірінші қабаты көтерілген.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «БАЛДӘУРЕН-2024» ЖАС ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі