Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

3 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде бір ай бойы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау жұмыстары жүйелі түрде жоспарға сай жүргізілді. Дегенмен, туристтер, демалушылар арасында тазалыққа жауапкершілікпен қарамайтын азаматтар әлі де жол бойына қоқыс тастап, өздері демалған орынды ластап кетуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданы тұрғындармен кездесуде тазалық шараларын сақтауға шақырған болатын. Осы ретте аудан аумағында жалпы аудандық сенбілік өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Еріктілер кеңесінің» ұйымдастыруымен «Тазалық – ортақ іс» акциясы аясында Ақмешіт демалыс аймағы күл-қоқыстан тазартылды.
Тазалық шарасына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы департаментінің басшысы Өркен Балажанов бастаған ерікті мемлекеттік қызметшілер, аудан әкімі Төлеген Телғараев, әкімдік қызметкерлері қатысты. «Тазалық – табалдырықтан басталады», сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті.
Сенбілік барысында қатысушылар жол бойын, өзен жағалауын күл-қоқыстан тазартып қана қоймай, халық көп шоғырланатын орындарға тазалыққа шақыратын арнайы тақтайшалар «Табиғатты құрметте», «Қоқысты өзіңмен алып кет», «Қоқыссыз таза табиғат», «Табиғатты ластама» тақырыптарында орнатылды.
Әрбір азамат қоршаған ортаға қамқорлықпен қарап, оның тазалығына атсалысуы қажет деп тапқан сенбілікке қатысушылар тазалықты бірге сақтайық және жаңа облысымыздың өркендеуіне бірге атсалысайық деп демалушылармен тілдесіп, тазалыққа шақыруға бағытталған «Бірінші қоқыс тастаушы болма» тақырыбында әзірленген жадынама-күнтізбелер таратты.
Еріктілер табиғат аясына тасталған қоқыстарды үлкен жүк көлігіне жинап, арнайы қоқыс орындарына тастады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі