Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ

6 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Шаян ауылындағы Б.Қарашаұлы, Т.Рысқұлов және Тәуелсіздік көшелерін аралады.
Аралау барысында Б.Қарашаұлы көшесінің аяқ жол бойына орнатылған кейбір орындықтарды үй жақ бетке қаратып орнату, лотоктардың бойында ретсіз тұрған плиталар мен бордюрлерді дұрыстау және «Май ауыстыру» ғимаратының жанында орналасқан арықты мақсатына сай реттеуді тапсырды.
Сонымен қатар, көшелерде пано, бильбордтарды талапқа сай үлгіде орналастыру заңдылықтарын қарастыру, кәсіпкерлік нысандардың иелерімен сөйлесіп ғимараттарының қас келбетін реттеу қажеттігі айтылды.
Аудан басшысы жүргізілген тазалық жұмыстары бойынша Т.Рысқұлов көшесін аралады. Аталған көше бойындағы аялдаманы әрлеу, сырлау, аяқ жолдардың шөбін тазалау, ауыз су жүйесін жүргізу үшін қазылған жерлерді, жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандардағы түрлі құрылыс қалдықтарын егелеріне ескертіп, тазалық жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар Т.Рысқұловтың бойындағы жиі орнатылған орындықтарды басқа көшелерге ауыстыру, көше жарығының бар екенін ескере отырып тротуар бойына орнатылған жарық шам бағаналарын қажет деген аумақтарға ауыстыру мәселелерін қарастыру жөнінде жауапты мекеме басшыларына тапсырма берді.
Шаян ауылдық округінің әкіміне канал арқылы ауылға келіп жатқан ағын суды тиімді пайдалану, көше бойындағы лотоктар мен арықтарды тазалау және көше бойындағы барлық ағаш көшеттерін уақытылы суғаруды қатаң тапсырды.
Тәуелсіздік көшесінің бойына ағаш көшеттерін отырғызу үшін сай жерлерін топырақпен көтеріп, күзгі көшет отырғызу мерзіміне дайындау қажеттігін айтты.
Тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізіп отыруды, ауылдың қас келбетін реттеу бойынша бекітілген алгоритммен жұмысты жандандыруды тапсырды.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНҒА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 300 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ КЕЛДІ

Келесі жаңалық

ЖЕТІСАЙ: ЖАҢА БАСШЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі