Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНҒА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 300 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ КЕЛДІ

6 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНҒА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 300 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ КЕЛДІ

default

0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып, өркендеудің алғашқы кезеңін өткерді. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарымен кездесіп, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы және алдағы жоспарлар бойынша баяндамасын тыңдады.

Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 230,2 мыңға жетті. Жыл басынан бері Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 326 мың адамнан асып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,6% өсті. Шетелдік туристер саны 4,3 мың адамға жетті, яғни өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 58,1% өсті.

Биыл 3967 түркістандық қоныс тойын тойлайды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 14,5 млрд.теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 645 азамат тұр.

Сонымен қатар 2024 жылы кезектегі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында баспана сатып алуға қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде. «Отбасы банк» арқылы 66 көпқабатты тұрғын үйден 3317 пәтер сату жоспарланған.

Айта кетсек, Түркістан қаласы әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Бұл туралы бүгін өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының түркістандықтармен кездесуінде мәлімденді. 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы мен алдағы жоспарларды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков баяндады.

Халықтық кеңсе арқылы жыл басынан жалпы қызмет алған адамдар саны – 23 942. «1310» Бірыңғай байланыс орталығына 2024 жыл 4 айда 3803 қоңырау түсіп, оның 100% шешімі табылды.
2023 жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. 2024 жылы «Еңбек» бағыты бойынша 8 513 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, 4 айдың қорытындысымен 3661 азамат белсенді шараларға тартылды.

Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. 2023 жыл қорытындысымен 4 150 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе, 2024 жылдың 4 айында 1745 отбасыға тағайындалды.

Алдыңғы пост

8 МЫҢНАН АСТАМ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Келесі жаңалық

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі