Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

7 июня, 2024
in Uncategorized
0
САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сәуір айынан бастап республика бойынша «Таза Қазақстан» тазалық науқаны басталған болатын. Акция аясындағы іс-шаралар ауданымызда бүгінде өз жалғасын тауып жатыр. Осы орайда, аудан аумағын көркейту бағытында аудан әкімі Арман Сәбитовтің бастамасымен аудан, ауылдық округ аумағындағы тұрғын үйлердің аулалары мен көшелері тазаланып, көріктендіру, абаттандыру шаралары қарқынды қолға алынуда. Атап айтқанда, шөп ору, ағаш түптерін әктеу, темір қоршаулар мен орындықтарды сырлау, қураған ағаш бұталарын қырқу, жол жиектері мен арық-атыздарды қоқыс қалдықтарынан арылту жұмыстары апта сайын қызу жүруде.
Айта кетейік, аудан аумағында жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін жалпы 72 сенбілік өткізілді. Сенбіліктерге жалпы 135000 адам және 267 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 5012 тонна күл-қоқыс қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон аумақтарына шығарылды. Сенбілік барысында 753 шқ. облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен ішкі көшелер, 52 шқ. аяқжол, 98 шқ. ирригациялық жүйелері мен арық-атыздар күл-қоқыстардан тазаланды. Бұдан бөлек, 16 саябақ пен сквер, 33 аялдама, 42 спорт және балалар алаңшалары мен 12 стрит-воркауттар сырланып, қалпына келтірілді.
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ тарапынан берілген 23200 түп көшеттер жол жиектеріне, өзен жағалауына және демалыс аумақтарына отырғызылды. Сонымен қатар, демеушілер есебінен берілген 2000 ағаш және гүл көшеттері егілді.
Қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайтын аудан әкімі Арман Сәбитұлы әр ауылдық округтерді арнайы аралап, тазалық жұмыстарының атқарылу барысын бақылады. Аралау барысында орын алған олқылықтар бойынша тиісті сала басшылары мен орынбасарларына, сондай-ақ, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар сын-ескертулер берді. Алдағы уақытта тазалық жұмыстарын бұдан да қарқынды жүргізуді тапсырды.
Барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығына жоғары жауапкершілікпен қарауға, аудан келбетін көркейту жолында белсене атсалысуға шақырамыз!

Алдыңғы пост

АТАҒЫ АЛТЫ АЛАШҚА БЕЛГІЛІ СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ ФАБРИКА ЖЫЛЫНА 60 ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі