Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЛАГЕРЬЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

6 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЛАГЕРЬЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Балаларды жазғы сауықтыру лагерьлерінің қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бекіткен бұйрық талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осы ретте сауықтыру қызметін бастау үшін нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынуы керек.
Бүгінде Түркістан облысындағы балаларды сауықтыруға арналған жазғы демалыс мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қадағалау шаралары жүріп жатыр. Осы мақсатта материалдық-техникалық базаны дайындау, сумен қамту және кәріз жүйелерін жақсарту шаралары атқарылуда. Одан бөлек, технологиялық және мұздатқыш қондырғыларының дұрыстығы, жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді. Аталған іс-шаралардың орындалуы ҚР Денсаулық сақтау министрі бұйрығының талаптарындағы санитариялық қағидалары негізінде жүргізіледі.
Жалпы өңірде 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 оқушы бюджет есебінен тегін қамтылса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналары есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Өз кезегінде санитарлық қызмет тарапынан жазғы сауықтыру маусымына дайындық кезеңі бақылауға алынған. Оның ішінде, балалардың құнарлы әрі қауіпсіз тамақтануы және дене тәрбиесі бар. Бұдан бөлек, лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындықтары мен алдын ала медициналық тексеруден өтуі қадағаланады.Полиция қызметімен бірлескен жұмыстар жүргізеді. Түркістан облысында жаз мезгіліне арналған 83 облыстық іс-шаралар тізбесі бекітілген. Түркістан облысындағы балаларды жазғы сауықтырумен қамтамасыз ететін лагерлер бейнебақылау жүйелерімен, күзет қызметімен, байланыс құралдарымен, өрт дабылдарымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылатын дабыл батырмаларымен жабдықталуда. Жазғы сауықтыру лагерлерінде балалар қауіпсіздігі үшін күзет агенттіктері қызмет көрсетеді және орналасу ауданына қарай полиция қызметімен бірлескен жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар өңірде мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын 350 лагерь (105 987 оқушы қамтылады) және 648 ойын алаңшасы (214 654 оқушы қамтылады) балалар үшін қызмет көрсетеді. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында жаз мезгілінде 108 мың оқушы көркейту, көгалдандыру, құрылыс бригадалары мен мектеп орманшылығының жұмысына көмекші ретінде қатысады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 446 педагог қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 колледж студенті дуалдық білім беру шеңберінде тартылады. Оқушылар үшін мәдени-ағартушылық, әскери-патриоттық және спорттық бағытта 83 облыстық іс-шаралар тізбесі бекітілген.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНІМДЕРІ РЕСПУБЛИКА НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚОСЫМША ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі