Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚОСЫМША ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

6 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚОСЫМША ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізу келісілді.
Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы 260,0 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, республикалық болжам орталығы анықтаған алқаптарға залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.
Облыста жалпы өңдеу жұмыстары биылғы 16 сәуірден басталып, химиялық өңдеу жұмыстарына 100 дана жер үсті техникалары және 6 дана ұшақ жұмылдырылды.
Фитосанитариялық шаралардың жүргізілуіне 40 инспектор, өзге облыстардан 3 маман, болжам орталығынан 79 маман және аудан, қала әкімдіктерінен қосымша 245 анықтаушы қатысты.
Тиісті жұмыс жүріп, ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындарға жол берілмеді. Биыл шегірткенің жер бетіне шығып, таралуы ауа райының салқын, жаңбырлы, желді болуына байланысты бір айға созылды. Шегірткенің залалсыздандырудан аман қалған шағын көлемінің қанаттанып, үйірленуі байқалуда. Сондықтан қосымша өңдеу жүргізілуде.
Түркістан облысындағы бірер аймақта шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Қажетті жұмыстар күшейтіліп, тиісті техника жұмылдырылды. Залалсыздандырумен бірнеше арнайы көлік пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 2 ұшақ ұсынылған болатын. Химиялық өңдеуді күшейту үшін қосымша ұшақтар жұмылдырылатын болды. Өңдеу жұмыстары таңғы сағат 4.00-ден және кешке басталып, түнгі уақытта да жүргізілуде.
Өңірге АШМ вице-министрі Е.Кенжеханұлы, АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Д.Әбдікәрімов келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды зиянкестерге қарсы қосымша күрес жұмыстарымен танысып, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларымен жиналыс өткізді.
Түркістан облысы, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округінде шегірткетектестердің ұшуы байқалды. Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдын алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізу келісілді. Зиянкестермен қосымша күрес күшейтіліп, қажетті техника жұмылдырылды.
Тиісті жұмыстың ерте басталып, дер кезінде жүргізілуінен ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындарға жол берілмеді. Биыл шегірткенің таралуы ауа райының салқын, жаңбырлы, желді болуына байланысты бір айға созылды. Залалсыздандырудан аман қалған шағын көлемінің қанаттанып, үйірленуі байқалуда. Сондықтан қосымша өңдеу жүргізілуде.
Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы күрес «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» болжамымен 260 мың гектардан астам алқапқа жүргізілді. Марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша жалпы аумағы 715,18 мың га алқап трлық зерттелген.
Химиялық өңдеу жұмыстары нақты республикалық болжам орталығы анықтаған алқаптарда атқарылды. Мамандар шегірткенің таралу ошағы жойылғанын мәлімдеген. Облыста жалпы өңдеу жұмыстары сәуір айының басында басталған.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЛАГЕРЬЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі