Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСТІ

6 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кестеге сай Түркістан қаласы тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуде Түркістан қаласын дамыту жолдары қаралып, тұрғындардың өтініштері, ұсыныстары, сұрақтары тыңдалды. Өңір басшысы облыс орталығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, кемшіліктерді жою жөнінде де ой қозғады.

– Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталсақ, өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 38 пайызға өсіп, 2023 жылы 370 млрд. теңгеден асты. Биыл 4 айда бұл көрсеткіш 78 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға өскен. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 82 пайызға өсіп, 22 мыңнан асты Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылы 26 млрд. теңгені құрап, жоспар 1,8 млрд. теңгеге артығымен орындалды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 356 млрд. теңгені құрап, жоспар 7 млрд. теңгеге артық жүзеге асты. Құрылыс саласында да өсім бар. Біз өндіріс орындарын көбейту, инвестиция тарту жұмыстарын күшейте береміз. Олай жасамаса болмайды. Біз әкімдік тарапынан инфрақұрылым, әлеуметтік нысандарды салып береміз. Бірақ тұрғындар өз үйінің, өз ауласы мен көшесінің тазалығын сақтауға үлес қосулары тиіс. Бұл ретте «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қолдау көрсеткен түркістандықтарға алғысымды білдіремін, – деді Дархан Сатыбалды.

Жиында өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2023 жылы 16,5 млрд. теңгеге жеткенімен жоспар толық орындалмағаны айтылды. Сонымен бірге қаржыны игеру, салық түсімдері бойынша кемшіліктер сөз болды. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді ұлғайту, кәріз жүйесі және өзге де мәселелерге байланысты жұмысты ширату жөнінде тапсырма берілді. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларға да тоқталды. Жалпы Түркістаның туристік әлеуеті көтеріліп, экономикы жақсарып келеді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан өтініштер мен ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге жеке қабылдауда тұрғындардың мәселелері ашық айтылып, хаттамаға енгізілді. Ол түйткілдерді шешу бойынша жұмыс жүреді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚОСЫМША ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ ЖАС СПОРТШЫ ҚЫЗДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі