Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРАҚТЫ ІСКЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ

5 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРАҚТЫ ІСКЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында мемлекеттен бөлінетін қаржыдан тыс, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында, «Қамқорлық» бағдарламасы әзірленіп, жоба аясында қарқынды жұмыстар атқарылып келеді.
Бүгінде анықталған отбасының әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы жетекші мамандар тағайындалып, демеушілер есебінен олардың жағдайын қанағаттанарлық деңгейге жеткенше көмек көрсету көзделген.
2022-2023 жылдар аралығында аталған бағытта тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 4,5 мың отбасы 1,4 млрд.теңге көлемінде демеушілік көмекпен қамтамасыз етілді, оның ішінде баспанасыз жүрген 109 отбасы, тұрғын үймен қамтылды.
Бұл бағдарлама 2020 жылдың қаңтар айында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, заңнамада көрсетілген талаптарға сай келмей, мемлекеттен көмек ала алмай жүрген, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгейінен шығуға ұмтылдыру мақсатында әзірленген болатын.
Айта кетсек, биылғы жылдың 1 маусымында «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жоспарланған өмірлік қиын жағдайға тап болған 577 отбасыға демеушілер тарапынан 70 млн. теңгеге көмек ұйымдастырылып отыр. Бүгінде бағдарламамен 8 отбасы тұрғын үймен қамтылған. Айта кетсек, ХІХ ғасырдың көлігі «Пәуескені» енді «Ұлы Дала Елі» Орталығында тамашалай аласыздар. Бұл жәдігерді 2011 жылы Түркістан қаласынан ашылған Тарихи-мәдени этнографиялық орталық қорына Кентау қаласының тұрғыны Жанұзақұлы Сағымбай сыйға берген болатын.
Пәуеске (Тарантас) – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қолданыста болған көлік түрі.
Пәуеске – жабық төрт доңғалақты ат арба. Ол әдетте ұзақ сапарларда қолданылды, арнайы бойлық бекітпелер арқылы жолдағы қозғалыс кезінде сілкіністерді азайқан. Пәуескеде бір мезгілде үш-төрт жолаушыны тасымалдай алады.
Пәуескеге екі атты бойлық жолақтар арқылы бекіткен, орындықтың алдыңғы және артқы орындықтары, сонымен бірге корпустары былғарыдан жасалған. Арбаны қолданысына қарай ат арба, өгіз арба, түйе арба деп жіктеген. Олардың әр қайсысының көлемі мен пошымы әртүрлі болып келеді.
Күйме – іші киізбен қапталған жабық ағаш қорапты, адам тасымалдауға арналған арбаның ерекше түрі. Күйме түрі туралы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мен «Қыз Жібек» жырларында сипатталады. Үсті тері, мата ағашпен жабылатын есікті арба саналатын күймелерді хандар, сұлтандар, ірі ауқатты байлар сияқты дала аристократтары қолданған.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА ХІХ ҒАСЫР КӨЛІГІ БАР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі