Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН

4 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Менің Қазақстаным» саябағын бойлай өтіп, Даңқты бабалар саяжолынан оң қолын жүрек тұсына қойып, кеудесін мақтаныш сезімі кернеп, «Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы…» деп, еліміздің болашағы саналған бүлдіршіндеріміз мемлекеттік Әнұранымызды шырқап барады. Жәй ғана көрініске балап, өте шығуыңыз да мүмкін. Бірақ, ұлтжандылықты, мемлекетшілдікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті және патриотизм сынды қасиеттерді бойына сіңірген жеткіншектерге қарап, сүйсініп-ақ, қарайсың.

Қалың қолды бастаған батыр бабалар қарсы топқа айбарын көрсетіп, байрағымызды жаугершілікте де жықпай, кейінгі ұрпаққа табыстап еді. Бүгінгі бейбіт күнімізде жалауымыздың желбіреп, Елтаңбамыз арқылы елдігімізді батырларымыз көрсетіп келеді. Әлемдік аренада атой салған жалынды жастарымыз Шәуілдірде (Отырар ауданының алғашқы атауы ретінде) туған Шәмшінің әнін дүние жүзіне шырқатты.

Ал, бүгінгі жас жеткіншектердің желбіреткен жалауы, шырқаған әні де қайтпас-қайсар қолбасшылардың, сардарлар мен сарбаздардың, даңқты спортшылардың ерлігінен ешқандай да кем емес. Ұлылардың ұлағатын жас ұрпақтың бойына сіңіруге аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардан батыр Бауыржан Момышұлының «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» деген тәмсілін естіп, марқайғанымызды да жасыра алмаймыз. Ұлт мәдениетінің кемеңгері Өзбекәлі Жәнібеков есімін арқалаған білім ордасында — алтын ұяда – болашағынан зор үміт күттіретін тастүлектердің қанат қағарына сенімді болдық.
Шәуілдірдегі көрікті жерлерді аралап, ауылдың ажарына сән қосқан саябақтарда көк байрағымызды Нұрасыл Құралбай желбірете көтеріп шықса, Камшат Сералы, Аяна Мұхтар, Көркем Әділхан, Нұрсая Сәбит, Айзере Саттархандар тақырыптық, мерекелік жыр-шашуларын шашып, орталық алаңды жүріп өтті.

Алдыңғы пост

ОТАНСҮЙГІШТІК - МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУДЕН БАСТАЛАДЫ

Келесі жаңалық

АРМАН СӘБИТОВ: АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі