Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Кездесудің күн тәртібінде аудан аумағында мемлекеттік қызмет көрсету барысы, ауыл округтеріндегі абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары, аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау жөніндегі конкурс өткізу мәселелері көтерілді.
Басқосу барысында аталған тиісті саланың бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Аудан басшысы Арман Сәбитұлы ауылдық округтер аумағындағы атқарылып жатқан тазалық жұмыстары туралы сын-ескертпелер айтты. Бұдан бөлек, конкурстың нәтижесінде бірқатар ауылдық округтерде (Ақсукент, Арыс, Ақбұлақ, Қарабұлақ, Қайнарбұлақ, Көлкент) «Көркем аймақ» ЖШС, 3 ауыл округінде (Жібек-Жолы, Манкент, Қарамұрт) «Манкент» ӨК және Қарасу ауылдық округінде «Қара-СУ-ВРМ» ЖШС жеңімпаз мекеме өкілдеріне коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдауды тиісті ауыл округі әкіммен келісе отырып, жүзе асыру қажеттігін айтты. Ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына кемшіліктерге жол бермей, нақты нәтиже шығаруды тапсырды. Сондай-ақ тапсырмалардың орындалу барысын ұдайы бақылауда ұстайтынын жеткізді. Аудан әкімі Арман Сәбитов кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар әр түрлі мәселелерді қозғады.
Қабылдау барысында тұрғындардың бірі Ақсукент ауылындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын орында арнайы қоқыс тасымалдау көлігінің жоқтығы, сондықтан жерге қазылу қаупі төнгені туралы наразылығын білдірді. Аудан басшысы бұл бойынша жердің нысаналы мақсатын ауыстыру жайлы жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.
Бұдан бөлек, Қарабұлақ ауылының тұрғыны мал сою бекетін елді мекен сыртына шығару үшін, елді мекен сыртында орналасқан өзіне тиесілі жер телімінің нысаны мақсатын ауыстырып беруді сұрады. Мәселеге зер алған аудан әкімі шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер телімінің санатын кәсіпкерлік мақсатқа яғни, мал сою алаңы ретінде заңдастыру қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, қоғам жанашырларының бірі ерекше балаларға арналған өзінің «Армандар орындалады» атты медиа-жобасын ауданымызда жүзеге асырғысы келетінін жеткізді. Аталмыш ұсыныс аясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілу керектігі түсіндірілді.