Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

4 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай, орталық саябақта «Ел рәміздері — еркіндік нышаны» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын мереке қарсаңында «Рәміздер» алаңы жаңа орынға ауыстырылған болатын. Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесін арттыруға арналған жиынға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары мен жастары қатысты.
Аталмыш жиын жастардың патриоттық әуендерді шырқап, қонақтарды күтіп алуымен басталды. Бұдан соң аудан әкімі барша қауымды бүгінгі айтулы күнмен құттықтап, мерекелік жүрекжарды лебізін жеткізді.
— Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігімізді бүкіл әлемге танытушы және мемлекетіміздің жарқын көрінісі. Оның тұла бойында біздің төл тарихымыз, бабаларымыздың бастан кешкен қилы кезеңдері мен жүріп өткен тағылымға толы жолдары жатыр. Тағылымды тарихымыздан сыр шертетін, салт-дәстүріміз бен тұрмыс тіршілігімізден хабар беретін Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік нышандары 1992 жылдың 4 маусымында бекітілген болатын. Міне, бүгінде бұл күндері өркениет көшіне бет бұрған іргесі мығым мемлекеттермен иық тірестіретін күнге жеттік. Тіпті, талай елдің төрінде әнұранымыз айтылып, көк туымыз желбіреген Қазақстанды төрткүл дүние таниды десек артық айтқанымыз емес. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық патриотизм, туған жерге деген қастерлі құрмет – әрбір адамның рухани болмысын бағамдайтын ұлағатты ұғым. Ал, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбір адамның бойына сыйлайтын сол елдің нышандары екені сөзсіз. Қастерлі құндылықтарымыздың халықаралық ареналарда әрдайым абыройы асқақтай берсін! Халқымыздың тыныштығы мен татулығы, берекесі мен бірлігі бекем болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!- деді Арман Сәбитұлы.
Мерекелік шара шеңберінде әскери сарбаздар Мемлекеттік Туды салтанатты түрде алаңға алып шығып, еліміздің Мемлекеттік Гимні шырқалды.
Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет өнерпаздарының өн бойды жігерлендіретін отансүйгіштік сарындағы ән-жырларымен жалғасты.

Алдыңғы пост

АРМАН СӘБИТОВ: АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА

Келесі жаңалық

«РӘМІЗДЕР-ЕЛДІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі