Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«РӘМІЗДЕР-ЕЛДІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ»

4 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
«РӘМІЗДЕР-ЕЛДІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ»
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай бүгін Сарыағаш қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында «Рәміздер-елдігімнің айғағы» атты мерекелік акциясы өтті. Аталмыш жиында аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 32 жыл бұрын – 1992 жылғы 4 маусымда елімізде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойылды. Бұл күн бәріміз үшін басты мерекелердің бірі болды. Еліміздің тәуелсіздігінің мемлекеттік рәміздері Ту, Елтаңба және Гимн өз мемлекеттілігін ғасырлар бойы аңсаған азат ұлттың орындалған арманының белгісі. Түптеп келгенде Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады. Сондықтан да, әрбір азаматтың жүрегіне елжандылықты дарытуда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор, орны айрықша. Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбітшілік тілеймін! Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін, Тәуелсіздік туы биіктен желбіресін!- деп аудан әкімі облыстық, аудандық іс-шараларға белсенділік танытып қатысқан патриот жастарды алғыс хат марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар Мемлекеттік рәміздер алаңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, бүкіл Қазақстан бойынша 11:00-де бір мезетте Мемлекеттік ту көкке көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.
Іс-шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән айтып, күй тартып акция қатысушыларына көтеріңкі, мерекелік көңіл-күй сыйлады.«Менің Қазақстаным» саябағын бойлай өтіп, Даңқты бабалар саяжолынан оң қолын жүрек тұсына қойып, кеудесін мақтаныш сезімі кернеп, «Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы…» деп, еліміздің болашағы саналған бүлдіршіндеріміз мемлекеттік Әнұранымызды шырқап барады. Жәй ғана көрініске балап, өте шығуыңыз да мүмкін. Бірақ, ұлтжандылықты, мемлекетшілдікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті және патриотизм сынды қасиеттерді бойына сіңірген жеткіншектерге қарап, сүйсініп-ақ, қарайсың.
Қалың қолды бастаған батыр бабалар қарсы топқа айбарын көрсетіп, байрағымызды жаугершілікте де жықпай, кейінгі ұрпаққа табыстап еді. Бүгінгі бейбіт күнімізде жалауымыздың желбіреп, Елтаңбамыз арқылы елдігімізді батырларымыз көрсетіп келеді. Әлемдік аренада атой салған жалынды жастарымыз Шәуілдірде (Отырар ауданының алғашқы атауы ретінде) туған Шәмшінің әнін дүние жүзіне шырқатты.
Ал, бүгінгі жас жеткіншектердің желбіреткен жалауы, шырқаған әні де қайтпас-қайсар қолбасшылардың, сардарлар мен сарбаздардың, даңқты спортшылардың ерлігінен ешқандай да кем емес. Ұлылардың ұлағатын жас ұрпақтың бойына сіңіруге аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардан батыр Бауыржан Момышұлының «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» деген тәмсілін естіп, марқайғанымызды да жасыра алмаймыз. Ұлт мәдениетінің кемеңгері Өзбекәлі Жәнібеков есімін арқалаған білім ордасында — алтын ұяда – болашағынан зор үміт күттіретін тастүлектердің қанат қағарына сенімді болдық.

Алдыңғы пост

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Келесі жаңалық

«ЖЕР-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ- ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі