Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН БІРГЕ ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫН САРАПТАДЫ

10 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН БІРГЕ ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫН САРАПТАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы Заң жобасы талқыланып жатыр. Бүгін осы бағытта ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абзал Құспан, Үнзила Шапак, Нұрсұлтан Байтілесов Түркістанда кездесу өткізді. Алдымен қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, қаланың тарихи-мәдени орындарын аралады. Содан соң облыстық «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасында өткен басқосуға зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп отырды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірімізге жұмыс сапарында тұрғындармен кездесу өткізіп, Түркістан қаласына тарихи және рухани елорда мәртебесін беру мәселесін көтерген болатын. Бүгінде қаламызға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілгені баршамызға белгілі. Заң жобасы қаламыздың одан әрі дамуына мүмкіндік беретін тиімді институционалдық орта құру үшін жергілікті атқарушы органдардың құзыреттерін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты жұмыстар басталып кетті. Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдау үшін халық қалаулылары келіп отыр. Түркістанға ерекше мәртебе беру бастамасы – тарихи шаһар үшін пайдалы. Жалпы Түркістан жанашырларының, ғалымдар мен зерттеушілердің пікірі өте маңызды. Осы жұмысқа бар ынталарыңызбен атсалысуға баршаңызды бірлесе жұмыстар атқаруға шақырамын, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
«Ерекше мәртебе – дамудың жаңа серпіні» тақырыбында өткен жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан бұл мәртебенің екі ерекшелегін атап өтті.
«Бүгін өздеріңізбен ақылдасып, кеңесуге келдік. Түркістан қаласы үшін бұл бастаманың берер пайдасы көп. Бұл бірінші ерекшелігі деуге болады. Ал екінші ерекшелік, бұл – ең алғашқы қазақ тілінде жасалған заң жобасы. Бұрын депуттаттар тарапынан жасалған. Ал Үкімет тарапынан тұңғыш қазақ тілінде әзірленген, яғни қарлығашы деуге болады» деді.
Содан соң сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ «Парламентке енгізіліп отырған Заң жобасы қабылданған жағдайда өзімен бірге жер кодексі, туризм, тарихи-сәулет ескерткіштері сынды бірнеше салаға ықпал етеді. Берілетін құрметті атақтарға да әсері бар. Жергілікті атқарушы орган құзыретіне де өзгеріс енгізілуі мүмкін. Заң жобасының алғашқы нұсқасын қайтадан пысықтадық. Ескерткіштерді санатқа бөлдік» деді.
Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов порталда алғашқы нұсқасы салынғанда небәрі 19-ақ адам талқылағанын, жергілікті адамдардың да пікірі маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар бірігіп талқылауға шақырды. Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Бекжан Қисанов пен Әділет министрлігінің департамент басшысы Назкен Жамаладин де аталған жиынға қатысып, көптің пікірін тыңдады.
Облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Түркістан қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мақсұт Атанбаев, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және ғалым Досай Кенжетай, Дана Орманова, Айғаным Серім сынды зиялы қауым өкілдері пікір білдіріп, ұсыныстарын айтты. Қатысушылар сауалдарын қойып, халық қалаулылары тарапынан жауап алды. Облыс әкімінің орынбасары жиын барысында айтылған үсыныстардың негізінде хаттама толтырылатынын жеткізді.
Айта кетейік, аталған Заңның қабылдануы қаланың тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері мен объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүкіл әлемдік мұра объектісі ретіндегі қорғау аумағында орналасқан ескерткіштерді басқарудың, сақтаудың, олардың тұтастығын қолдаудың оңтайлы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Заң жобасы мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, дәстүрлі қолөнерді дамытуды, Түркістан қаласын туристік орталық ретінде дамыту және ілгерілетуді көздейді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЫСАНЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі