Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

10 июня, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Арыс қаласында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, Тәуелсіздік стелласында және қалалық мәдениет үйінде тұғырлы көк байрағымыз көкке көтеріліп, Әнұран шырқалған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, зиялы қауым өкілдері мен жастар, әскери бөлім сарбаздары мен қала тұрғындары қатысты. Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталған жиында сөз алған шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер мерекесімен құттықтады.
Шара барысында патриоттық әуендер шырқалып, жігерлі жастарымыз өнерлерімен көпті тамсандырды. Сонымен бірге Арыс қаласының дамуына атсалысқан белсенді азаматтар арнайы қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері — Ту, Елтаңба, Әнұран. Елдігімізді айшықтайтын рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Биыл мемлекеттік рәміздерге 32 жыл толып отыр.
Әрбір нышан Қазақстанның ұлты мен шығу тегіне қарамастан, ел азаматтарының еркін біртұстас ұлт екенін көрсетеді. Қазақ елі Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен қуатты, Әнұранымен айбатты! Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың біртұтас ел екендігінің, тәуелсіздігінің, бай-қуаттылығының, ар-намысы биік, күш-жігері мығым, дамуды көздейтін асқақ мәртебелі ел екендігін білдіретін жарқын белгі.
Мәртебелі жиынның басты мақсаты — рәміздерді және отанды құрметтеу, патриоттық сезімді нығайту, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу. Ал Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы «Төлеби баба» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай, салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан халқын, тұрғындарды мерекемен құттытап, ел игілігі жолындағы еңбегімен дараланған түрлі сала мамандарына Алғыс хат табыс етті.
Ашық аспан аясында өткен мерекелік басқосуда Тәуелсіз мемлекетіміздің Көк байрағы биікке көтеріп, Әнұран шырқалды. Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндер шырқап, халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілерге құрмет көрсетілді.
Мерекеге орай, рәміздер керуенін жолға шығарып салып, аудандық ардагелер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев ақ батасын беріп, әлемдік додаларда Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқала берсін деген тілегін жеткізді.
Айта кетейік, 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Қазақстан халқы мерекені 24 жылдан бері атап өтіп келеді. Еліміздің мемлекеттік туын жасаумен 600 адам шұғылданып, комиссия қарауына 1200 рәміздер нұсқасы ұсынылған.

Алдыңғы пост

Түркістандық депутат көпшілікке пайдалыс іс атқарып жүр

Келесі жаңалық

ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН БІРГЕ ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫН САРАПТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі