Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістандық депутат көпшілікке пайдалыс іс атқарып жүр

10 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістандық депутат көпшілікке пайдалыс іс атқарып жүр
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы, бүгінгі күнге дейін мәслихат мүшелерінен құралған тұрақты комиссиялар түрлі саладағы проблемаларды шешуге атсалысып келе жатыр. Биыл Қазақстандағы мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осынау уақыт аралығында халық қалаулыларынан құралатын мәслихаттардың ықпалымен көптеген жұмыстар атқарылғанын ешкім жоққа шығара қоймас. Осы орайда Түркістан облысы мәслихатының ішіндегі бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, өңірдің дамуына және көптеген мәселелердің шешілуіне сүбелі үлес қосып жүрген Мағауия Тұрысбеков жайында аз-кем сөз етпекпіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін мәслихат мүшелерінен құралған тұрақты комиссиялар түрлі саладағы проблемаларды шешуге атсалысып келе жатыр. Соның ішінде Мағауия Сексенбайұлы төрағалық ететін бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия былтырғы жылы оннан астам кеңес өткізіп, отыздан аса проблеманың түйінін тарқату мақсатында тер төгіпті. Сәйкесінше, комиссияда сараланған ұсыныстар мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жетекшілік еткен сессияларда талқыланып, тиісті шешімдер қабылданған. Сондай-ақ, соңғы жылдарда халық қолдаған депутаттардың қоғамдық маңызы бар істерге белсене атсалысып, өзгелерге үлгі боларлықтай істерді атқарып жүргендігін жиі байқадық. Сондай жомарт жүректі, қолы ашық азаматтардың арасында біз айтып отырған Мағауия Тұрысбеков те бар. Айталық, 2023 жылы Созақ ауданы, Шолаққорған ауылының тұрғыны, І топтағы мүгедек жандардың бірі Гүлзат Шайхұстановаға халық қалаулысының демеушілігімен салынған жаңа баспананың кілті табысталды. Оған дейін өзінің жеке үйі болмаған тұрғын жолдасымен бірге жалдамалы пәтерді паналап келген екен. Аудан орталығынан берілген жаңа үйге асхана жабдықтары орнатылып, қажетті коммуналдық қызметтер тартылған. Бау-бақша өсіруге арналған жері де бар. Мүгедектік арбамен үйге кіріп-шығуға қолайлы болу үшін пандус қойылып, бар мүмкіндік жасалған екен. Сонымен қатар Созақ ауданының тумасы болып саналатын депутаттың демеушілігімен өткен жылы Таукент кентіне қарасты Жыныс ата елді мекенінде мешіт құрылысы басталған. Жаз мезгілінің басында іргетасы қаланған нысан әні-міне дегенше ел игілігіне берілгелі тұр. Одан бөлек, ауданның туристік әлеуетін арттыру мақсатында Шолаққорған-Түркістан бағытындағы тау аумағынан демалыс орнын салуға да ықпал еткен. Онда келуші қонақтар мен тұрғындарға қолайлы жағдайлар жасалып, қызмет түрлері қолжетімді бағада ұсынылмақ. Жатын орын, бой жазып демалатын сәкі, сақ моншасы мен ашық аспан астындағы бассейн демалуға мүмкіндік бермек. Оған қоса, өз қаржысына «Amanat» партиясының аудандық ғимараты мен аудандық ардагерлер үйін салып, елге тарту еткен екен. Жұрт оның тұрмысы төмен отбасыларға да тұрақты түрде көмек көрсетіп келе жатқанын айтып жүреді. Біршама уақыт бұрын БАҚ өкілдері мәслихат депутатының жедел жәрдем қызметкерлерімен жүздесіп, 5 дана өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартқанын да жарыса жазған. Америкада өндірілген медициналық құрал бүгінде арнайы жедел жәрдем көліктеріне орнатылыпты.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: 8 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі