Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

10 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл сайынғы өзекті мәселенің бірі – жазғы шомылу маусымы кезінде су айдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Елімізде шомылу маусымы басталғалы бері Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып келеді. Дегенмен, өңірде биыл жыл басынан бері 17 адамның суға кету дерегі тіркелген. Тілсіз жаудың құрбаны болғандардың 13-і ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар. Бұл жайында Түркістан облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Дүйсен брифингте мәлімдеді.
«Жыл басынан бері жергілікті әкімдіктер, полиция, көлік инспекциясымен және балық шаруашылығы инспекцияларымен бірлесіп 1 154 рейдтік шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, ауыл-қала тұрғындарымен 800-ге жуық кездесулер өтті. «Судағы қауіпсіз демалыс» акциясы ұйымдастырылды. Биыл үгіт-насихат жұмыстарына 580 ерікті тартылды»- деді спикер.
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес, өңірдегі су айдындарында шомылуға арналған 27 орын қарастырылған. Онда коммуналдық жағажайлар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, балалардың абайсызда каналдарға құлап кетуінің алдын алу мақсатында елдімекендер ішінен өтетін каналдарға қоршаулар орнату жұмыстары жалғасын табуда. Су айдындары жоқ елді-мекендерде тегін және қауіпсіз шомылуға мүмкіндіктер жасау мақсатында биыл 26 каркасты бассейн сатып алынды. Барлығы облыста 97 каркасты бассейн бар. Сонымен қатар, жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын тегін шомылдыру мақсатында демалыс орындарымен 51 меморандум түзілген. Былтыр 5000-ға жуық бала бассейндерде тегін шомылуға мүмкіндік алған.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ҚОСЫМША ӨҢДЕУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕ БЕРДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі