Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданында спорт саласы қарқынды дамып келеді. Ел ертеңі саналатын жастарды спортқа баулу мақсатында нәтижелі жұмыс жүргізіп келе жатқан «Жетісай спорт клубы» КММ бүгін 2023 – 2024 оқу жылында халықаралық, республикалық, облыстық дәрежеде өткен дүбірлі додаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген жасөспірім спортшыларды марапаттап, сый-сияпат жасады.
Аталмыш шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, ауданның төбе биі, спорт ардагері Жахангир Айнабеков, «Алпамыс батыр», «Көк Түріктер қағанаты» республикалық қоғамдық қорларының Президенті, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, кәсәпкер-меценат Бауыржан Оңғарбаев пен «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев, бапкерлер мен ата-аналар қатысты.
Аудан мерейін үстем етіп, өткізілген спорттық жарыстарда жүлдегер атанған саңлақ спортшыларды ұлықтау, жетістіктерін кейінгілерге үлгі ету мақсатында «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреевтің алғыс хаттары, «Алпамыс батыр» республикалық қоғамдық қорының «Бекзат Саттарханов» атындағы медалі мен қор төрағасы Бауыржан Оңғараевтың арнайы қаржылай жүлделері табыс етілді. Ал Теміртау қаласында академиялық есуден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі сынға еліміздің 5 өңірінен 110 мықты спортшы қатысты. Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары өте сәтті өнер көрсетіп, 33 медаль жеңіп алды.
Нақтырақ айтсақ, түркістандықтар 24 алтын, 5 күміс және 4 қола жүлде еншіледі. Осылайша, Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің өрендері сенімді ақтады.
Әртүрлі бағдарламалар бойынша чемпион атанғандар:
M1x – Яковлев Владислав
W1x, W2x, W4x – Жакупова Мелани
LM1x, M2x – Афанасьев Александр
M2-M4 – Чернухин Иван, Галкин Владислав
W2-W4 – Волкодавова Валентина,
Лебедева Мария
LM2x, LM4x – Керімбек Әділет
LW2x – Кеңес Роза
М4х – Яковлев Владислав,
Афанасьев Александр
LW4x – Кеңес Роза, Волкодавова Валентина
LW4 – Айдарова Лияра, Айдарова Айлин, Сапарқұл Еркежан
Медаль саны бойынша бірінші орынды 33 медальмен Түркістан облысының спортшылары еншілесе, екінші орынға астаналықтар тұрақтады. Үздік үштікті қарағандылықтар түйіндеді.
Спортшыларды Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Иван Лукьянов және Александр Степенко, Михаил Горбунов, Байсангур Цатышаев, Виктория Ли сынды бапкерлер даярлады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі