Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ ЛАСТАҒАНЫ ҮШІН 10 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

24 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ ЛАСТАҒАНЫ ҮШІН 10 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері Түркістан облысында қоғамдық орындарды ластаған 10 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Жалпы пайдалану орындарын, лаябақтарды ластап, белгіленбеген орындарға қоқыс қалдырғандарға айыппұл салынады. Қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында жан-жақты талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңеске құқық қорғау органдарының басшылары, барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күн сайын 400-ден астам полицияның кешенді күштері жұмылдырылады.
Бейнекамераларының көмегімен жыл басынан бері 100 қылмыс ашылып, 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мысалы, бейнекамера арқылы кәмелетке толмағандар жасаған вандализм фактілері анықталады. Атап айтқанда, аз уақыт ішінде автобус аялдамасының әйнегін, көшедегі тренажер мен ойын автоматын сындырғандарға қатысты заңды шешім қабылданды.
Биыл тағы 450 бейнекамера орнату жоспарлануда. Облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтбаевтың баяндауынша, Түркістан облысы бойынша қоғамдық орындар мен көшелерде 42 мың 427 әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолы кесілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 34 пайызға жоғары. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісі бойынша 10 мың 614 жағдай анықталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52,2 пайызға артып отыр.
Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыруға зиян келтірген 3 мың 736 бұзушылық фактісі анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың 5 айында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 43 төмендегені анықталды. Жалпы қоғамдық орындар мен көшеде жасалған қылмыстардың саны бойынша Сарыағаш ауданында, Түркістан, Кентау қалалары мен Сайрам, Жетісай, Төлеби аудандары көш бастап тұр. Қылмыстардың басым бөлігі түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз етілмеген орындарда жасалған.
Маусымның 20 мен 30 күндері республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының 3 кезеңі өтуде. Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде жеке құрам қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстардың алдын алу, оның ішінде жасөспірімдермен, оларға қатысты құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағдарланған.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мұндай қылмыстардың және құқық бұзушылардын алдын алу мәселесін шешу тек полицияның күшімен мүмкін емес екенін, сондықтан жергілікті жерлерде бірлескен жұмыстарды атқаруды тапсырды. Мәжіліс барысында берілген тапсырмалар, айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелер хаттамаға енгізіліп, нәтижелі жұмыстарды атқару міндеті жүктелді. Жалпы қылмысты төмендету бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе нақты шаралар қабылдауды, осы бағытта жұмысты жалғастырып, қоғамдық қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ЕРЛІГІМЕН ЕСТЕ ҚАЛҒАН САЙРАМДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУШІ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі жаңалық

"САЙРАМДЫҚ 2 ОҚУШЫ IQANAT МЕКТЕБІНДЕ ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі