Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«САЙРАМДЫҚ 2 ОҚУШЫ IQANAT МЕКТЕБІНДЕ ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

24 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
«САЙРАМДЫҚ 2 ОҚУШЫ IQANAT МЕКТЕБІНДЕ ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Сапалы білім — бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі. Өркениетті қоғамды еңбекқор, жасампаз, адал азаматтар ғана құрады. Осы орайда, ауыл мектебінің озық ойлы оқушыларын қолдауға арналған олимпиаданың мән-маңызы зор» деген болатын.
Елімізде жетінші жыл қатарынан «IQANAT» білім беру қоры ауыл оқушылары үшін олимпиаданың аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерін өткізіп келеді.
«Айқанат» республикалық олимпиадасының басты мақсаты – Қазақстандағы ауылдық мектеп оқушыларына олардың таланттарын ашуға және лайықты білім алу мүмкіндіктерін табуға көмектесу.
Iqanat бағдарламасы — жыл сайын көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан мыңға жуық баланы қамтитын әлеуметтік білім беру жобасы. Өз кезегінде ауыл балаларының сапалы білім алуына септігін тигізуде. Республикалық жоба түлектері қазіргі таңда әлемнің ең озық 15 университеттерінде білім алуда.
Бағдарламаға ауылдың жалпы білім беретін мектептерінен 8 сынып оқушылары қатыса алады.
Биылғы жылы Қазақстан және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына түсу гранттарының иегері атану мүмкіндігіне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған олимпиаданың Сайрам ауданында өткен аудандық кезеңінен іріктелген 324 оқушы облыстық кезеңіне қатысып, бірқатар бала ақтық сынға шықты.
Жуырда Алматы қаласында өткен республикалық кезеңінде ауданның 10 мектебінен 20 оқушы бақ сынасты. Атап айтқанда, №97 Сұраншы батыр атындағы жалпы білім беретін мектебінен 5 оқушы, №49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінен 4 оқушы; №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясынан, №30 Ы.Алтынсарин, Ибрагим ата атындағы жалпы білім беретін мектептерінен 2 оқушыдан, қалған М.Мақатаев, №93 Абылайхан, №5 М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептерінен, «Green School» және «Сайрам» жекеменшік мектептерінен 1 оқушыдан болды.
Олимпиадада тестілеу кезінде пәндік білімге емес, баланың қабілетіне баса назар аударылды. Балалардың логикалық, сыни ойлау және кеңістіктік ойлауы, математикалық сауаттылығы, ағылшын тілін білуі және қатысушының таңдауы бойынша 6 пәннің бірі: математика, физика, химия, биология, тарих және география пәндері бойынша тестілеу жүргізілді. Балалар қорытынды тестілеуден кейін, зияткерлік және жігерлендіруші дәрістерге қатысты. Балалар үшін бір апта бойы сарапшылар медиасауаттылық, АІ және дизайн ой, шешендік шеберлік/public speech, қаржылық және құқықтық сауаттылық, кәсіптік бағдарлау және мансап таңдау, көшбасшылық қасиеттер мен командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту сияқты тақырыптар жөнінде тренингтер өткізілді.
Күні кеше олимпиада қорытындыланып, Медеу таулы спорт кешенінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Сынақ нәтижесімен аудандық білім бөліміне қарасты №49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Қамал Нұрқанат Берікұлы қор грантына және №30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мырзақұл Ералы Ерғалиұлы «IQanat» Білім беру қорының Қамқоршылық Кеңесінің қолдаушысы, белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың жеке грантын иеленді. Алдағы уақытта үздік шәкірттеріміз Бурабайдағы барлық шығындары толық өтелетін IQanat мектеп-интернатында білімін жалғастырмақ.
Ал, іріктеу кезеңіне өткен басқа да оқушылар үш жыл қатарынан ҰБТ-ға, халықаралық олимпиадаларға үздік оқытушылардан тегін дәріс алып, дайындығын пысықтауға мүмкіндіктері бар.
Жерлестерімізді жетістіктерімен құттықтай отырып, болашағы жарқын болсын деп тілейміз!
Ертең таңертең сағат 9.00-де аудан орталығындағы «Манкент» теміржол стансасынан балаларды ауданның білім қызметкерлері және ата-аналар күтіп алатын болады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ ЛАСТАҒАНЫ ҮШІН 10 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Келесі жаңалық

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі