Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Қазақстандық БАҚ қызметкерлері Президент атынан пәтер алды

29 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Қазақстандық БАҚ қызметкерлері Президент атынан пәтер алды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен 16 отандық БАҚ қызметкерлеріне салтанатты түрде пәтер сертификаттары табыс етілді.
ҚР Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли әріптестерін мерекемен құттықтап, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
«Былтыр Мемлекет басшысы «Дара» қоры арқылы журналистерге 65 пәтер тарту еткен болатын. Бұл пәтерлерді мемлекеттік бағдарлама арқылы емес, Президенттің тікелей тартуы деп қабылдауымыз керек. Бұған дейін журналистер арасында не мемлекеттік қызметкерлер санатына, не бюджеттік қызметкерлер санатына іліге алмайтыны және мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көре алмайтыны жиі айтылатын. Бұл сөздер айтылған күйі қалатын, енді былтырдан бастап Мемлекет басшысы журналистерге пәтер кілтін табыстауды дәстүрге айналдырып жатыр. Ең бастысы пәтер кілттері мемлекетіміздің дамуына, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформаларды халыққа жеткізуге атсалысқан әріптестерімізге берілуде. Биыл 67 пәтер берілді және алғаш рет 3 бөлмелі пәтерлер табыс етілді», — деді Берік Уәли салтанатты шарада.
Оның айтуынша, пәтер сертификатын алған жандар ішінде 21 көпбалалы отбасы, 5 жалғызбасты ана және ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған 11 отбасы бар.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер мен БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Құрметті әріптестер, төл мерекелеріңіз құтты болсын! Президент кешеден бері журналистика саласының деңгейін, жалпы мәртебесін көтеріп, сіздердің еңбектеріңізді ерекше атап өтіп жатыр. Мемлекеттік наградалар, бүгінгі тұрғын үйдің кілтін алу соның айқын көрінісі. Мен үшін осы қуанышты сіздермен бөлісу екі есе бақыт. Еңбектеріңізді мемлекет бағалай берсін», — деді Аида Балаева.

Алдыңғы пост

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі