Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

29 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданында бірнеше көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Ауданға іссапармен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Нұршуақ мөлтек ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын бақылады. Бұл жерде 2 қабатты, 20 пәтерлік 2 тұрғын үйдін құрылыстары ағымдағы жылдың мамыр айында бастау алған. Нысандар осы жылдың қыркүйек айында толық аяқталып, үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Сондай-ақ жаңа шағынауданда 56 пәтерлі үш тұрғын үй салынып жатыр. Аталған баспаналарды банк арқылы қолжетімді бағамен ұсыну бағыттары қарастырылуда. Айта кетерлік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 3100 азамат үй кезегінде тұр.
Өңір басшысы сондай-ақ жұмысын жандандырған жергілікті кәсіпкермен кездесті. «Стас и К» өндірістік кооперативі 2004 жылдан бері газ және су тасымалдауға арналған полиэтилен құбырларларын өндірумен айналысады. Кооператив басшысы жұмысын кеңейтіп, заманауи құрал жабдықтармен жаңа жүйені іске қосқан. Бүгінгі таңда өндіріс ошағында 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Облыс әкімі жауаптыларға ауданды дамыту жұмыстарын жалғастыру, құрылыс сапасын қадағалау, кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын ашу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Кезекте тұрғандарға 2024 жылы 2469 пәтер сатып алуға 36,5 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде: «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 504 пәтер сатып алуға 6,6 млрд. теңге қаралған. Ал «Самұрық-Қазынаның» кредиттік қаржысы есебінен 1989 пәтер сатып алуға 29,9 млрд. теңге қаралып отыр. Бүгінде аудан, қалаларда аталған үйлерді салатын жер белгіленіп, кейбір аудандарда құрылыс басталып кеткен.
Аудан, қала әкімдіктеріне, құрылыс жүргізуге 1, 2 және 3 қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары ұсынылған. Аталған қаржы аясында облыс бойынша жалпы 113 000 шаршы метр құрайтын 114 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл үйлердің басым бөлігі сатып алу құқығымен жалға немесе ипотекаға беріледі деп жоспарланып отыр.

Алдыңғы пост

Қазақстандық БАҚ қызметкерлері Президент атынан пәтер алды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДРАМАТУРГИЯ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі