Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫ САЛЫНЫП, МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРУДА

2 июля, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫ САЛЫНЫП, МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРУДА
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Аудандағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, құрылыс барысын бақылады.
Зертас ауылдық округі, Шомшақты елді мекенінде бой көтерген жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті, Көксәйек бастауыш мектебінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл дәл осы елді мекенде тағы бір ФАП құрылысы басталды.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен аймақтағы мектептер күрделі жөндеуден өтуде. Оған Төлеби ауданындағы мектептер де енгізілген. Бейсенбай Тәжібаев Қазақстан және Б.Биболатұлы жалпы орта мектептері, Қостөбе шағын жинақты жалпы орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеудің жұмыс сапасын қадағалады.
Қостөбе шағын жинақты жалпы орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгінгі таңда Мердігер мекеме «Радуга-СН» ЖШС жобалық-сметалық құжатты негізге алып, жұмыстарды өндірістік кестеге сәйкес атқаруда. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстардың 70 пайызы орындалды.
Ал Б.Биболатұлы жалпы мектебі 500 оқушыға арналған. Бұл білім ұясын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. 2024 жылға 400 млн. теңге қаржы қаралды. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Облыс әкімінің орынбасары ғимараттардың құрылысына жауапты мердігерлермен кездесіп, нысандар талапқа сай болуы және кестеден кешікпеу қажеттігін ескертті. Нысандардың еденінен бастап, шатырына дейін сапалы материалдармен жаңартылуы тиіс екенін жеткізді. Халықтың денсаулығын жақсарту, балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау бойынша тиісті шаралар жоғары деңгейде атқарылу керектігін ескертті. Бүгінде мектептердің қабырғаларын сылау, едендері ауыстыру, ішкі әрлеу жұмыстары қарқын алған. Пәндік кабинеттер жабдықталуда.
Сапар барысында Кеңесарық елді мекеніндегі «Балауса» балабақшасы мен Керегетас елді мекеніндегі балалар лагеріне табан тіреді. Жазғы сауықтыру лагерінде демалып жүрген балалар, оларға келген ата-аналармер тілдесіп, жай-күйінен хабар алды. Қазіргі таңда лагерде 400 бала жазғы уақытын тиімді өткізіп, демалуда.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ТАРИХИ САУРАН ҚАЛАШЫҒЫН ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі