Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА 100-ШІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

6 июля, 2024
in Басты жаңалықтар
0
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА 100-ШІ СЕНБІЛІК ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Таза Қазақстан» экоакциясының басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ал, экологиялық мәдениет ең әуелі табиғатқа жанашырлық танытудан басталады.
Бұл бағытта Түркістан қаласында жұмыстар жүйелі атқарылуда. Қазіргі таңда барлық салаға тазалық күні бекітіліп берілген.
Бүгін «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен 500-ден астам тұрғын сенбілікке шығып, секторлардағы орталық 15 көшенің бойын тазалады. Ағаш бұталып, әктеліп, жолдардың бойы шөптен аршылды. Қоқыстарды артып тасымалдауға 20-ға жуық техника жұмылдырылды.
Жоба басталғалы бұл – 100-ші сенбілік. Бүгінге дейін қала аумағындағы орталық маңызы бар көшелердегі кәсіпкерлік нысандар мен қасбеттерін реттеу бойынша қалалық әкімдіктің 14 мекемесіне 32 көше бекітіліп, мердігер мекемелерді ұйымдастыру арқылы тиісті жұмыстар атқарылған болатын. Нәтижесінде 3839 нысан сараланып, жөндеуді қажет ететін 1562 нысан анықталды. Оның барлығы ретке келтірілді. Көпқабатты үйлердің қас беттері мен аулалары және суару жүйелері қайта жаңартылды. Көпқабатты үйлер алдына жаңадан 297 дана қоқыс салғыш орнатылды. Орталық көшелер бойына жаңадан орындықтар мен қоқыс салғыштар (110 дана) орнатылып, тиісті жұмыс жүрді. Саябақтар мен скверлерге толық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Тазалық мәдениетін қалыптастыру, халықты тазалыққа үйрету мақсатында учаскелік полиция инспекторы, сектор маманы және қоғам белсенділерін тарта отырып, 10 мобильді топ құрылды.
Мобильді топ жұмысының нәтижесінде, жыл басынан бері ортақ пайдалану орындарда ластау дерегімен ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша 4729 хаттама толтырылды. Абаттандыру қағидатын бұзу дерегімен ӘҚБтК 505-бабы бойынша 1164 хаттама толтырылса, жол жабындысын бүлдіру дерегімен ӘҚБтК 630-бабы бойынша 510 хаттама толтырылған. Салынған айыппұл мөлшері 81 млн. теңгеден асты. Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Тұрғындар белгіленбеген орынға қоқыс тастамауға, қоқысты кестеге сәйкес шығаруға дағдыланып келеді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі