Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

6 июля, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімдігінің Мәдениет және туризм басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтті. Түркістандағы «Фараб» кітапханасында өткен байқауды облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тілеген болатын. Күй байқауында елге танымал күйшілер мен өнер қайраткерлері қазылық етті.
Байқауға елдің әр аймағынан келген 30-дан астам күйші екі кезең бойынша бақ сынасты. Алғашқы кезеңнің талаптары мен шарттарына сәйкес қатысушы үміткерлер Сүгір Әлиұлының күйлерінен бір күй және Төлеген Момбековтың күйлерінен бір күй орындады. Ал екінші кезеңде Айтқали Жайымовтың «Шалқыма», Ермұрат Үсеновтың «Майра», Нұрғиса Тілендиевтің «Ақсақ құлан» және Қаршыға Ахмедияровтың «Хамаң толғауы» күйлерінен билет бойынша біреуін таңдап, қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің сүймелдеуімен шеберліктерін көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша Түркістан облысының күйшісі Ернар Сәтім жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысынан келген Аяна Сатаева І орынға ие болса, Шымкент қаласынан Әліби Нышан және Алматы қаласынан Ержанат Жарқыннұр жүлделі ІІ орындарды бөлісті. Алматы қаласынан келген Нұрдана Тоқтан, Түркістан облысының өнерпазы Сұлтан Дінмұхамед және Алматы қаласының өкілі Сырым Шонбаев ІІІ орындарды иеленді. Сондай-ақ Қарағанды облысынан қатысқан Сейілхан Сайлауов Сүгір атындағы арнайы жүлдемен, Астана қаласынан келген Бауыржан Жолдыбеков Төлеген Момбеков атындағы арнайы жүлдемен және Алматы облысынан келген Серік Жұмағали Нұрғиса Тілендиев атындағы арнайы жүлдемен марапатталды. Ал Маңғыстау облысынан келген Берік Сатов, Атырау облысынан келген Әнуар Зинединов және Қарағанды облысынан Темірлан Кубат дипломант атанды.
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнерін кеңінен насихаттау, күй өнерін дамыту және талантты күйшілерді анықтау.

Алдыңғы пост

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА 100-ШІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі