Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

11 октября, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

5 22 ерлер және 12 әйелдер құрама командасы жүлделі орындарға таласады. Түркістан облысында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХ және әйелдер арасындағы Х жазғы чемпионаттары өтіп жатыр. Түркістан облысының орталығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХ және әйелдер арасындағы Х жазғы чемпионаттары өтіп жатыр. «Түркістан Арена» орталық стадионында чемпионаттың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Асқар Төлешев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев, Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Александр Чистяков, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты. Олар құттықтау сөзін сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. 4 күнге созылатын жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген 22 ерлер және 12 әйелдер құрама командасы жүлделі орындарға таласады. Сондай-ақ Түркістан төріндегі жарысқа қатысып, өз күштерін сынап көру үшін Өзбекстан Республикасының және Қырғыз Республикасының спортшылары арнайы келді. Жалпы 340 спортшы қатысып жатыр. Ашылу салтанатынан кейін жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша финалдық сын өтті. Бұл сайыс күш пен ептілікті талап етеді. Өйткені кедергілерді сәтті еңсеру үшін тек жылдамдық ғана емес, ептілік те қажет. Жүгіріп бара жатып, 2 метрлік қоршаудан өту, бөрене арқылы жүгіру секілді бірнеше элементті қамтиды. Одан кейінгі күндері өрт эстафетасы мен өзге де жарыстар өтеді. Сонымен бірге сатымен екінші және төртінші қабаттарға көтеруден де сынға түсуде.

Алдыңғы пост

ЕФЕРЕНДУМДА ҚАБЫЛДАНАТЫН ШЕШІМ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА ЖОЛ АШАДЫ

Келесі жаңалық

Түркістанда республикалық «Jaidarman» ойыны өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі