Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістанда республикалық «Jaidarman» ойыны өтті

13 октября, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістанда республикалық «Jaidarman» ойыны өтті
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

11 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Түркістан облысы әкімінің кубогіне арналған республикалық «Jaidarman» ойыны өтті. Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «25 қазан – Республика күніне» орай Түркістан облысы әкімінің кубогіне арналған республикалық «Jaidarman» ойыны өтті. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. – Еліміздің ең ұлы мейрамы Республика күніне орай өткізіліп отырған «Жайдарман» ойынына қош келдіңіздер. Түркістан – тарихи орталық қана емес, креативті, талантты жастардың ордасы. Өңірде белсенді, шығармашыл жастар өте көп. «Жайдарман» – көрермен мен жастарды біріктіретін сәтті жоба. Үлкен қозғалыс. Елімізің түкпір-түкпірінен келген жастардың бір сахнада өнер көрсетуі – үлкен көрсеткіш, бірліктің белгісі. Біз жастарды қолдаймыз және жастармен бір толқында болуға тырысамыз. Барша командаға сәттілік тілеймін! – деді Ертай Кенжебекұлы. Жас таланттарды таныту, жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және елімізде бәсекеге қабілетті мәдени буын қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған өнер додасын Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Президенті Есентүгел Елеукен жүргізді. Сайыста еліміздің әр өңірінен келген және жергілікті жастардан құралған 11 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ойын соңында қазылар алқасы әрбір команданың өнерін сараптап, таңдаған тақырыптары мен әзілдерінің мазмұны, оны көрерменге жеткізе білу ерекшеліктерін жан-жақты талқылап, командалардың ерекше тұстарын атап өтті. Жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бұл өнер додасында қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Орал қаласынан келген «Талант» командасы иеленіп, 1 миллион теңгені қанжылады. II орыннан Алматы қаласынан келген «Эверест» командасы көрініп, 500 мың теңгені еншілесе, Түркістан облысының «Ақбұлақ» командасы III орынды місе тұтып, 300 мың теңге сыйақыға ие болды. Тартысты доданың қатысушы командаларына облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Айта кетейік, биыл қазақ тілді «Жайдарманға» 25 жыл толып отыр. Республикалық деңгейде «Жайдарман» сайысы облысымызда екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда өңірде 142 жайдарман командасы бар. Облыс көлемінде биыл жастардың қатысуымен 534 «Жайдарман» ойыны өткізілді.

Алдыңғы пост

Түркістанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Келесі жаңалық

Түркістанда «WBC AMATEUR TURKSOY» халықаралық турнирі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі