Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

8 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Делегация сапар барысында шетелдік инвестицияларды тарту және өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында қытайлық ірі компаниялармен екіжақты кездесулер өткізеді, сондай-ақ бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойылады. Бұл келісімдер өңір экономикасын дамытуға, инвестициялық әріптестікті нығайтуға, заманауи өндіріс ошақтарын ашу арқылы өңір халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Аймақ басшысы кәсіпкерлерге өңірдің әлеуетін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырады.

Облыс әкімі бастаған делегация жұмыс сапарының алғашқы күні Қытай елінің астанасы Бейжіңде бірқатар инвесторлармен кездесті. Олардың басым бөлігімен Түркістан облысында бірлескен жобалалар басталып кеткен. Іскерлік кездесу барысында тараптар энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын жан-жақты талқылады.

Осы елдің ірі сауда және инвестициялық, логистикалық компаниясының басшылығымен кездескен облыс әкімі бастаған делегация осы салада бірлесе жұмыс істеуге қатысты бірқатар жобаларды талқылады. Мекеме басшыларымен бірлескен кәсіпорындар ашып, әртүрлі салаларда бастамаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу барысы талқыланды. Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласында қал­дықсыз өндіріске қатысты жоба барысы талқыланды.
Мал терісі, сүйегі, мүйізі, ішек-қарын сияқ­ты терең өңдеуге түскен қал­дықсыз өндіріс нәтижесінде кәдеге жаратар өнім шығаруға бағытталған бизнес жобаны жүзеге асыру жолдары қаралды. Жоба Түркістан облысының кәсіпкерлері тарапынан қолдау тапты.

Облыс әкімі сондай-ақ тәулігіне 100 тонна қоқыс қалдықтарын өңдейтін ҚХР-ң жетекші компанияларының бірінің басшылығымен кездесті. 200-ден астам
толық циклды зауыт салған компания қалдықтарды энергияларға айналдыратын технологиямен эко-индустриалды парктерді дамытуға инвестиция салатын әлемдегі ең ірі кешендердің бірі.
Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен өңдеу табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы екені анық. Нұралхан Көшеров келіссөздер барысында қоқысты кәдеге жаратудың жаңа жолдары жасақталған кәсіпорынды бірлескен жоба бастауға шақырды.

Сондай-ақ Түркістан облысында қызылшие (черешня) өсіру және жемісті қайта өңдеу жобасын жүзеге асыру бойынша компания басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Инвесторалармен Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы зор әлеуетті ескере отырып, Түркістан облысында шие өсіру және өңдеу бойынша заманауи агропарк құруға бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру барысы талқыланды. Компания шие өсіру, жеміс өңдеу мен өндірістік тізбекті басқарудың заманауи технологияларымен жабдықталған.

Түркістан облысында қызылшие (черешня) ағашының көлемі 100 гектардан асады. Өткен жылы 1,5 тонна өнім жиналды. Облыста қарқынды бау шаруашылығын дамыту, бұл бағытқа инвесторлар тарту жұмыстарына күш салынды. Жеміс ағаштарына мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі.

Кездесуде мақта өсіру, иіру және тоқыма өндірісін ұйымдастыру бойынша жүзеге аса бастаған жоба талқыланды. Айта кетейік, Сауран ауданында Түркістан облысының шаруаларымен бірлескен жоба былтырдан бері жүзеге аса бастаған. Шаруалар тамшылатып суару әдісімен мақта егіп, су үнемдеп, өнімді артығымен алып жатыр. Бұл бастама ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіпті қатар дамытуды көздейді.

Түркістан облысында мақта сапасын арттыру мақсатында жаңа тәсілмен мақта егілуде. Шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынған жаңа су үнемдеу технологиясы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Шаруалардың айтуынша, алғашқы нәтижесі таңқаларлық жетістік беріп отыр. Жаңа технологияны ендіру есебінен өнімділікпен қатар, мақта талшығының бәсекелестік әлеуеті ұлғаяды. Жалпы өңірде мақта шаруашылығын дамыту бойынша бірнеше мақта – тоқыма кластері құрылады. Жобаны толық іске асыру нәтижесінде мақта бағасына тәуелділік толығымен жойылады.

Кездесуде аймақ басшысы әкімдік тарапынан өзара тиімді байланыстардың маңыздылығын растай отырып, одан әрі бірлесіп жұмыс жасауға, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірдi. Қытайлық тарап өзара әрiптестiк орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

– Ұлы Жібек жолы құрылған сәттен бастап дамып, өркендеп келе жатқан екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың орны ерекше. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы екі ел арасындағы қатынастардың сенімді дамуына бағыт-бағдар беріп отыр. Өңірлік әріптестігі нығайту мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан өңірінде логистикалық орталық жасауға толық мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздердің біздің өңірге келіп инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға ниет білдіргендеріңізге алғыс білдіремін. Біздің облыста жұмыс істеуге ниетті барлық компанияларға барынша қолдау көрсететінімізді атап өткім келеді,– деді Нұралхан Көшеров.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 86 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі