Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

9 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан аудандық Мансап орталығында Солтүстік Қазақстан облысынан келген арнайы топтың қатысуымен халықпен көші-қон мәселесіне қатысты кездесу өтті.
Аталған іс-шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков қатысты. Өз сөзінде халық қалаулысы оңтүстік өңір тұрғындарын солтүстікке қоныстандырумен 2016 жылдан бері айналысып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде солтүстікке қоныс аударған азаматтардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен егіншілікпен айналысып, тұрмыстық жағдайларын айтарлықтай жақсартып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, солтүстік өңірге алдын ала барып, жағдаймен танысып қайтқысы келетін азаматтарға жол шығыны тегін ұйымдастырылатыны айтылды. Бұл – болашағын ауылмен байланыстыратын тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік.
Кездесу барысында солтүстік өңірдегі маман тапшылығы, әсіресе дипломы бар кадрларға деген сұраныс ерекше аталып өтті. Бұл бағытта көшіп барған азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп, олар әлеуметтік тұрғыда қамқорлыққа алынатыны түсіндірілді.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Азамат Шәріпов қатысушыларға қоныс аударушыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік қолдаулар туралы ақпарат берді. Ал Аққайың ауылдық округінің әкімі Мақсат Есжанов солтүстік өңірлердегі ауылдарды сақтау, мектептердегі оқушы санын арттыру мақсатында жергілікті тұрғындар қоныс аударушыларға қосымша көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Оның ішінде көшіп барған азаматтарға кезексіз 1,5 гектар егістік жер беріледі. Бұл алқаптар картоп, күнбағыс, жүгері сияқты оңтүстік тұрғындарына үйреншікті дақылдарды өсіруге өте қолайлы екені айтылды.
Кездесу соңында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Келес ауданы халқы тығыз орналасқан, жұмыс орындары жеткіліксіз, егістік пен жайылым жер көлемі шектеулі өңір ретінде солтүстікке көшу – әсіресе жастар үшін тиімді шешім екенін баса айтты.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алдыңғы пост

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Келесі жаңалық

ШАРДАРА: ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі