Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ЖЫЛ САЙЫН ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

10 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: ЖЫЛ САЙЫН ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданында жыл сайын ауыл шаруашылығы саласында жобалар көбейіп, өңірдің әлеуеті арта түсуде.Осы ретте, аудан басшысы Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Зортөбе елді мекеніндегі заманауи үлгідегі жылыжай кешенін салып жатқан жеке кәсіпкер С. Қалтаевпен жобаны талқылау мақсатында кездесті.
Кездесу барысында аудан әкім кәсіпкердің ауыл шаруашылығы саласына қосып жатқан үлесін жоғары бағалап, кәсіпкерлерді қолдауға дайын екенін жеткізді. Сала басшыларына аталған жоба бойынша тапсырмалар берді.
Жеке кәсіпкер С. Қалтаев лимон және көкөніс өсіретін заманауи жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде,жобаның жалпы құны 500 миллион теңге. Жобаның іске асырылуы нәтижесінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Лимон өсіруге арналған жылыжайдың құрылыс жұмыстарына заманауи технологиялар қолданылып, тиімді суару жүйелері, ауа температурасы мен ылғалдылықты қадағалайтын автоматты жүйелер орнатылады.
Айта кетсек, аталған жоба ауыл шаруашылық саласында маңызды серпіліс жасауына,ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып,әл-ауқатын көтеруге, аудан экономикасының оң өзгерістеріне алып келеді.
Аудан экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын күшейту мақсатында атқарылатын жұмыстардың жол картасы бекітілген. Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Амирханов, жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Әуезовтер қатысты. Жиында жол картасына сәйкес бекітілген жобалар бойынша алдыңғы отырыста берілген тапсырмалардың орындалу барысы сараланды. Жиын барысында аудан басшысы сала басшыларына бірқатар сын-ескертпелер айтып, тапсырмалар хаттамаға мерзімімен енгізілді.
Айта кетсек, штаб отырысының негізгі мақсаты — әкімшілік кедергілерінің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарының рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу, жаңа жұмыс орындарын ашу.Оған қоса, әр екі апта сайын аудан әкімінің төрағалығымен жобалардың орындалу барысы пысықталады.

Алдыңғы пост

САЙРАМ: ЖАСТАР, ӘЛЕУМЕТ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОНАҚҮЙЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі