Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОНАҚҮЙЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРҒАН

10 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОНАҚҮЙЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРҒАН
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы туризм саласында үлкен әлеуетке ие. Өңірге келушілер саны жыл сайын артып келеді. Түркістан қаласының Қазақстандағы және Орталық Азиядағы тарихи әрі рухани орталық ретіндегі мәртебесі ішкі және халықаралық туристер үшін ерекше қызығушылық тудыруда.
Түркістан қаласында 68 қонақүй мен хостел, сондай-ақ 160 жуық тамақтану орны қызмет көрсетуде. Халықаралық деңгейдегі қонақүйлер қатарында «Rixos Turkistan», «Karavansaray», «Ramada by Wyndham» және «Hampton by Hilton» бар. Аталған нысандардағы қызмет сапасы – басты назарда.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қонақүй және мейрамхана басшыларымен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Еркін форматта талдау жүргізіліп, ашық сұхбат өтті.
– Бүгінде облыс орталығында халықаралық туризм дамып келеді. Шет мемлекеттен келушілер саны артуда. Бұл қонақүй және мейрамхалардың табысына оң әсер етіп жатыр. Сондықтан, қызмет көрсету сапасы жақсы, орта қонақтарға жайлы болу керек. Тіл және тәжірибелі кадрлар даярлау мәселесі де өзекті. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жол картасын жасап, тұрақты түрде анализ жүргіземіз. Сіздерді Түркістанның мәртебесі үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырамын. Әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі, – деді Зұлпыхар Жолдасов.
Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің мәлімдеуінше, өткен жылы өңірдің туризм саласындағы табысы 25 млрд теңгені құрады. Салада 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың 4 ай қорытындысымен туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 9,8 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, «Lords Heir» , «Khan Palace 2», «Yassy Hall and Apartments» қонақ үйлері мен «Болашақ құрылыс» ЖШС-нің демалыс аймағы және тағы басқа жобаларды жыл соңына дейін іске асыру жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл туризм саласы бойынша облыс аумағында 47 туристік инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Сондай-ақ, Түркістан қаласында Күлтөбе қалашығын абаттандыру жобасы жүргізілуде.
Туризм басқармасы тарапынан әлеуметтік желілер мен платформаларда тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, туристер қалдырған пікірлер, ұсыныстар мен ескертулер сарапталды. Нәтижесінде, бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, қызмет көрсету сапасына, гидтердің кәсіби деңгейіне, тазалыққа қатысты ескертулер мен ұсыныстар жазылған. Аталған мәселелерді ретке келтіру бойынша шаралар қабылдануда. Облыс әкімімен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған даму жоспарында саладағы кадрларды даярлау, сервис стандарттарын енгізу, туристік объектілердің сапасын арттыру бағытындағы шаралар қарастырылған. Сондай-ақ Түркістан облысының туристік инфрақұрылымын дамыту мақсатында туристік қызмет көрсету орындарына мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Басқосуда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев Облыстық кәсіпкерлер палатасында туризм жөніндегі салалық кәсіпкерлер кеңесі жеке құрылғанын атап өтіп, кеңес құрамында 40 кәсіпкер бар екенін айтты. Кеңес отырыстары тұрақты түрде өткізіліп, өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары қаралатынын жеткізді.
Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Карабаева қызмет сапасын көтеру, тәжірибелі мамандар даярлау бойынша семинарлар мен тренингтер өткізуді ұсынды.
Жергілікті кәсіпкерлер субсидия, кәріз жүйесі, кадр мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Туристер мен кәсіпкерлердің ұсыныстары назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Алдыңғы пост

САРЫАҒАШ: ЖЫЛ САЙЫН ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Келесі жаңалық

Нұралхан Көшеров Бейжіңде 20-дан аса компанияның басшыларымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі