Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістандықтардың проблемалары кезең-кезеңімен шешіліп келеді

10 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
Түркістандықтардың проблемалары кезең-кезеңімен шешіліп келеді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нұрбол Тұрашбеков көтерілген мәселелер бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеп, орындалу мерзімін белгіледі. Түркістан облысы тұрғындарының мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Тұрғындармен “Ашық әкімдік” кеңсесінде кездескен Нұрбол Тұрашбеков көтерілген мәселелерді сала жетекшілерімен бірге саралап, шешу жолдарын қарастырды. Саурандық қария Шорнақ ауыл округі аумағында инвестициялық жобаға бөлінген жерді жергілікті әкімдік теңгеріміне қайтаруды сұрады. Аталған мәселе бойынша ауданға инвестиция тарту маңыздылығы, жерді пайдалану және қайтару заңдылығы түсіндірілді. Сайрамдық азаматша жер пайдалану құқығының бұзылып, сот шешімінің орындалмай отырғанына шағымданды. Аталған жағдайдың заңдылығын зерделеп, тиісті шаралар қабылдау Сайрам ауданы әкімінің орынбасарына тапсырылды. Сондай-ақ, жалған ақпарат беру, өндірістік кооперативтің жұмысына кедергі келтіру жөнінде арызданған азаматтың шағымы тыңдалып, заң аясында жауап берілді. Келес ауданынан келген азаматша жеңілдетілген несиеге қолы жетпей келетінін айтып, көмек сұрады. Шағын несие ұйымының өкілі кепіл мүлік болған жағдайда құжат өткізіп, қаржы ала алатынын жеткізді. Ордабасылық азамат та жерге қатысты мәселе көтеріп, суармалы жердің мақсатын ауыстыруға ықпал етсеңіз деді. Жеңіс ауыл округінің жайылым жер үлесін ұлғайту қажеттілігін айтып, нақты шара көруді өтінді. Нұрбол Тұрашбеков көтерілген мәселелер бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеп, орындалу мерзімін белгіледі. Айта кетейік, облыс әкімі орынбасарының жеке қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Алдыңғы пост

Нұралхан Көшеров Бейжіңде 20-дан аса компанияның басшыларымен кездесті

Келесі жаңалық

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамассыз ету жұмыстары бақылауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі