Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамассыз ету жұмыстары бақылауда

11 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамассыз ету жұмыстары бақылауда
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды бақылау мақсатында Балтакөл ауыл округіне арнайы жұмыс сапарымен барды. Жауапты сала мамандарымен бірге барған аудан әкімі алдымен Көлқұдық елдімекеніндегі ауыз су желілері мен ауыз су имаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жұмыстарға ағымдағы жылы 13 000,0 мың теңге қаралып, ауыз су ұңғымасындағы сүзгі және ауыз су құдықшалары мен есептегіш құрылғыларын, ауыз су желілерінің ескірген бөліктері мен су сору құрылғыларын (насос) ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.
Аудан басшысы аралау барысында жауапты мамандарға тиісті жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырып, жоспарлы жұмыстардың орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді.
Мұнан соң Балтакөл елді мекеніндегі ауыз су желілері мен ғимараттарын қайта құру және Ақкөл ауылына ауыз су жүйесін жүргізу жұмыстарын аралап көрді. Балтакөл елді мекеніндегі ауыз су желісінің ұзындығы 48280,02 метр болса, Ақкөл ауылындағы ауыз су желісінің ұзындығы 11 560 метрді құрайды. Мердігер мекелердің өкілдері аталған жұмыстардың жоспарға сәйкес жүріп жатқанын атап өтті.
Аудан басшысы аталған нысандардың ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор екендігін айта келе, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу керектігін ескертіп, жауапты сала орынбасарына аталған жұмыстарды қадағалауды тапсырды.
Отырар ауданында ағымдағы жылы жалпы 49 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған игі істер «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен атқарылуда.
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Балтакөл елді мекеніндегі Тәукебай және Б.Жұмағұлов көшелерін орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын ішкі көшелерді асфальттау жұмыстары облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асуда.
Аудан басшысы аралау барысында жоспарлы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес сапалы жүргізілуі керек екенін атап өтіп, жауапты сала басшыларына қадағалауды тапсырды.
Айта кету керек, аудан көлеміндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 863,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңыздағы жолдар – 325,9 шақырым, аудандық маңыздағы жолдар — 109,7 шақырым, ішкі көшелер -427,7 шақырым.
2025 жылға республикалық бюджет есебінен «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 20,63 шақырым ішкі көшелерге және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы – 26,8 шақырым көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

Алдыңғы пост

Түркістандықтардың проблемалары кезең-кезеңімен шешіліп келеді

Келесі жаңалық

Түркістандық делегация Қытайдағы ірі өндіріс орындарына барды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі