Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы «үлгілі ауылда» спорт және балалар алаңшасы пайдалануға берілді

13 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы «үлгілі ауылда» спорт және балалар алаңшасы пайдалануға берілді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

уыл тұрғындары алғыстарын білдіріп, балалар жаңа ойын алаңшасында алғашқы ойындарын өткізіп үлгерді. Сарыағашта «Үлгілі ауыл» байқауында топ жарған ауылға спорт және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Түркістан облысындағы елді мекендер арасында өткен «Үлгілі ауыл» байқауында ІІ орынды иеленген Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінде салынған жаңа ашық спорт және балалар ойын алаңшасы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанмен құттықтады. Ауыл тұрғындары алғыстарын білдіріп, балалар жаңа ойын алаңшасында алғашқы ойындарын өткізіп үлгерді. – Тәуелсіз Отанымыздың тұғырлы, ғұмырлы болуы – жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың қымбатты ордасына айналсын! Жастайынан денесі шымыр болып өскен баланың денсаулығы да мықты болады. Келешекте республикамыздың намысын қорғайтын Азия, Әлем, Олимпиада чемпиондары шықсын! Бұл тек бір нысан емес, бұл – ауылдың болашағына салынған инвестиция. Балаларымыздың дені сау, ал ауылымыз көркейе берсін, – деді Арман Абдуллаев құттықтау сөзінде. Жаңа спорт инфрақұрылымы ауыл тұрғындарына, әсіресе жастар мен балаларға, салауатты өмір салтын ұстануға және белсенді демалысты ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді. Алаңшаларда заманауи жабдықтар орнатылған, қауіпсіздік талаптарына толықтай сай келеді. Жоба облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен қаржыландырылған. Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық науқаны аясында 2024 жылы Түркістан облысында облыс әкімінің қолдауымен «Үлгілі ауыл» байқауы өткізілген болатын. Байқау қорытындысы бойынша үздік танылған ауылдарға облыстық бюджет есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, жергілікті тұрғындарға пайдалануға берілуде.

Алдыңғы пост

Түркістан облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы ынтымақтастық нығайып жатыр

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Шардара мен Келесте әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі