Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шардара мен Келесте әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды

13 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Шардара мен Келесте әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жоспарға сәйкес, асфальт төселіп, жағажай аумағына электр желісі тартылады. Шардара, Келес аудандарында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды. Түркістан облысында атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобалардың сапалы орындалуын бақылау мақсатында облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Шардара және Келес аудандарына барды. Бірқатар әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарының жұмысымен танысып, мердігерлермен кездесті. Алдымен, аппарат басшысы Шардара ауданында болды. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауданда туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жағажайға баратын жол құрылысымен таныстырды. Қазіргі уақытта мұнда жолды тегістеу және тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, асфальт төселіп, жағажай аумағына электр желісі тартылады. Кейіннен, Шардара қаласының «Өтеғұл» шағынауданында салынып жатқан 300 орындық «жайлы мектептің» құрылыс барысы таныстырылды. Құрылыс жұмыстарын бақылаған Еркебұлан Дауылбаев мердігерге жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар Ж.Қолдасов көшесінде әлеуметтік осал топтарға арнап салынып жатқан 10 тұрғын үйді аралап көрді. Одан бөлек, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан №2 шағын аудандағы бұрынғы бей-берекет қоқыс орны болған жерді абаттандыру жұмыстарымен танысып, ұсыныстарды тыңдады. Ауданға іссапар барысында аппарат басшысы «Болашақ» шағынауданындағы жеке инвестиция есебінен салынып жатқан 5 қабатты, 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Инвесторлармен және сала мамандарымен кездесіп, нысанның сапасы мен инженерлік жүйелермен толық қамтылуын пысықтады. Үйдің сапасына ерекше мән беруді тапсырды. Жобалардың уақытылы, әрі сапалы аяқталуы – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторларының бірі екенін атап өтіп, нысандардың құрылысы бақылауда болатынын жеткізді. Осы күні аппарат басшысы Келес ауданына барып, бірқатар нысанды аралады. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, құрылыс барысымен таныстырды. Ауданға қарасты Абай ауылында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық білім ордасы, спорт кешені мен екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Ал, Біртілек ауылында 300 орындық мектеп бой көтеруде. Одан бөлек, Жаңа буынды дамыту орталығы мен мұражай ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысандарды аралау барысында Еркебұлан Дауылбаев мердігерлерге ескертулер айтып, жұмысты ширатуды, сапаға жұмыс істеуді тапсырды.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы «үлгілі ауылда» спорт және балалар алаңшасы пайдалануға берілді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі