Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Жетісайда жаңа медициналық орталық ашылады

17 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Жетісайда жаңа медициналық орталық ашылады
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

130 жоғары санатты дәрігер тұрақты жұмыспен қамтылған. Жетісай ауданында биыл заманауи теннис орталығы ашылады. Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған мекеме. Онда жергілікті халыққа соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы медициналық қызмет алуларына барлық жағдайлар жасалған. Сапалы медициналық қызмет көрсететін орталықтың бүгінгі тынысымен танысу үшін Түркістан облысының БАҚ өкілдері арнайы барып, нысанмен танысты. Ғимарат құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Онда әртүрлі бағыттағы 130 жоғары санатты дәрігер тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, күрделі оталардың кез-келген түрін жасау мүмкіндігі қарастырылып, балалар мен ересектерге арналған екпе бөлмелері мен зертханалар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеделсаты жұмыс істейді. Жергілікті және облыстық деңгейдегі ауруханаларға тасымалдайтын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жедел жәрдем көліктері де бар. Бүгінде қолданысқа дайын орталықтың күндізгі стационарында 10, тәуліктік стационарында 40, терапия бөлімінде 20, ал, травматология бөлімінде 10 төсек орын қарастырылған. Сондай-ақ, журналистер Асықата елді мекенінде жеке инвестор есебінен бой көтеріп жатқан заманауи теннис орталығының құрылыс жұмыстармыен танысты. «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігі қолға алған нысан 1 гектар аумақты алып жатыр. Құны 1 млрд теңгені құрайтын теннис орталығында бір мезетте 200-ге тарта адам жаттыға алады. Жаттығушыларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 2 жаттығу залының біріне 9 теннис үстелі, екіншісіне 3 күрес кілемі, бокс рингі, жаттығу жабдықтары бар. Өткен жылы қазығы қағылған кешен биыл қолданысқа берілмек. Ауданда алғаш рет салынып отырған орталық пайдалануға берілген соң республикалық, халықаралық байрақты бәсекелерді өткізу мүмкіндігі туады.

Алдыңғы пост

АРМАН АБДУЛЛАЕВ:КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА ӘРҚАШАН ДАЙЫНБЫЗ!

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Жетісайда су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі