Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ағын су қажеттілігі жыл сайын артып келеді

25 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Ағын су қажеттілігі жыл сайын артып келеді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Суармалы алқап 552 мың гектарды құрайды. Түркістан облысында ағын суға деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектарға егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға артық. Оның ішінде, суармалы алқап 552 мың гектарды құрайды. Егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес босатылып, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде жүргізілуде. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді. «Осы орайда шаруа қожалықтарға ағын суды тиімді реттеп беру, ауыл шаруашылығы дақылдарының жойылуына жол бермеу мақсатында су беру кестесі шаруалардың келісімімен бекітіліп, ағын су кезектілік тәртібімен берілуде. Алдағы уақытта ағын су тапшылығын толық шешу мақсатында «Бәйдібек ата», «Боралдай» суқоймалары жобалары қолға алынды. Нәтижесінде «Бөген» суқоймасына қосымша 113 млн текше метр ағын су жеткізілетін болады. Жобаны толық аяқтауға 5,4 млрд теңге қаржы бөлу ұсынылды. Биыл облыста су үнемдеу технологияларын жаңадан 27 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Облыс мүмкіндігіне сәйкес, су үнемдеу технологиялары 59 мың гектарға орналастырылатын болады. Облысымызға тиесілі жылдық су пайдалану лимитінің 63%-ы көрші мемлекеттердің аумағынан келеді. Трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы Жетісай, Мақтаарал аудандарында 140 мың гектар жер ағын сумен қамтамасыз етіледі. Жалпы облыстағы 25 суқойма, 1 су реттегіш, 269 каналды күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде су нысандарының тозу көрсеткіші 76%-дан 50%-ға төмендейді. Нәтижесінде 400 мың гектар суармалы жерлерге су жеткізу қабілеттілігі артып, жыл сайын қосымша 200 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі»-деді спикер.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Жыл сайын орта есеппен 54 мыңға жуық сәби дүниеге келеді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі