Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асқан

25 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асқан
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

5 млрд теңгеге 5 жоба жүзеге асады. Сарыағаш ауданында биыл бес айда инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асқан. 2025 жылдың 5 айында өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд 77,1 млн теңгеге жетсе, инвестиция көлемі 13 млрд 20,8 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, биыл ауданда өнеркәсіп саласында жалпы құны 5 млрд теңгеге 5 жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 145 адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығы саласында 2025 жылдың 5 айында 35 млрд 214,6 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 5,9%-ға өскен. Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі — 11 млрд 648,8 млн теңге, ал егін шаруашылығы — 23 млрд 565,8 млн теңге. Биылғы жылы аудан бойынша 75,7 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Жалпы 797,2 гектар жерде жылыжайлар орналасқан. Бұдан бөлек, биыл қаңтар-мамыр айларында ауданда 25 277 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, белгіленген жоспар 108,6%-ға орындалды», — деді аудан басшысы.
Инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 4 елді мекенді (Шеңгелді, Тасқұдық, Ақ үй, Сарысу) ауыз сумен қамту құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Қазіргі таңда 7 елді мекенді (Жылға, Көктерек, Шайхана, Қарақалпақ, Құрысай , Тасқұдық, Сарысу) табиғи газбен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы Дербісек және Дарбаза ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аудандық бюджет есебінен биыл 49 көшеге (25,7 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары Сарыағаш қаласы, Ақжар, Жартытөбе, Көктерек, Құркелес, Қабланбек, Дарбаза, Жемісті, Жылға, Жібек жолы елді мекендерінде жүргізіледі. 2024 жылдың қорытындысымен қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 69% болса, 2025 жылы көрсеткішті 73%-ға жеткізу жоспарланған.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Ағын су қажеттілігі жыл сайын артып келеді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Нұралхан Көшеров Саурандағы өндірістік аймақтардың құрылысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі