Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының XVII сессиясы өтті

26 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облыстық мәслихатының XVII сессиясы өтті
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

21 өзекті мәселе қаралып, бірқатар шешімдер қабылданды. Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтті . Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтті. Алқалы жиында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты 21 өзекті мәселе қаралып, бірқатар шешімдер қабылданды. Сессия жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, облыстық басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты. Жиынды облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды. Сессияда облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының, Түркістан облысының ветеринария басқармасының есептері тыңдалды. Сонымен қатар Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар мен келісімшарттардың орындалу барысы жөнінде баяндама жасады. Бұл саладағы атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесетін мәселелер бойынша депутаттар тарапынан бірқатар сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. Мәслихат депутаттары өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, шешім жобаларына нақты ұсыныстар енгізді. Талқылау барысында жергілікті өзін-өзі басқару, бюджеттік жоспарлау, әлеуметтік инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы салаларындағы түйткілдер де назардан тыс қалмады. Сессия соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров сөз сөйлеп, қабылданған шешімдердің Түркістан өңірінің алдағы дамуына оң серпін беретініне сенім білдірді. Сонымен бірге, депутаттардың өңірлік даму мәселелеріне деген белсенді көзқарасын атап өтіп, мәслихат жұмысына сәттілік тіледі.

Алдыңғы пост

Түркістанда 150-ден аса көше жөнделеді

Келесі жаңалық

Түркістанда кәріз жүйесі бойынша бірнеше жоба іске асырылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі